Біздің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» құзыреттілігі бойынша екі студент қатысты.Олар: Т-41 тобынан Қайрат Дамир және В-32 тобынан Алексеева Екатерина.
Мамандардың біліктілігін, студенттердің жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, олардың іскерліктерін, мәдениеттілігін, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарайтынын бүгін көре алдық.Сайыстың ашылуына қаламыздың әр-түрлі балабақшаларының директорлары мен әдіскерлері қатысты.Жалпы кәсіби шеберлік чемпионаттың бірінші кезеңінің жұмыс тәртібі мен өтетін орны туралы бас сарапшысы: Молдабаева А.У.түсіндіріп қатысушылармен экскурсия жасады.
Сайысымыз екі тапсырмадан тұрды.1)Ұйымдастырылған оқу әрекетін «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Қоршаған ортамен таныстыру» бойынша әзірлеу және өткізу.2) Мектепке дейінгі ересек топ балаларменқысқа мерзімдіэксперименттік жобаны әзірлеу және ұсыну(5-6жас) . («Әлеуметтік», «Танымдық», «Шығармашылық» білім беру саласы).Тақырыбы «Сүйем сені туған өлкем» (үй тапсырмасы)болды.Әр студенттің өз білімімен кәсіби шеберліктерін көрсетуге бірінші күннен ат салысты. Сондықтан меніңше ойымша әр сайысты бағалау бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді.Байқағаным чемпионат тапсырмалары кәсіби шеберлікті бағалауға жақсы бағытталған.Сондықтан әр сарапшылар қатысып жатқан студенттерімізді шыншыл бағалайтыныа сенімдімін.Бүгінгі қатысып жатқан студенттерге тек қана сәттілік тілей отырып,болашақта жақсы маман иесі болатына сенімдімін.
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бөлімінің оқытушысы: Рахпанова Б.Г.