пайда әкелуге бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиешісі – бұл балалардың ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас, қиял және балалар шығармашылығын, жеке, физикалық, көркемдік-эстетикалық дамуын дамытуға ықпал ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыратын балаларға арналған пеедагог.
Қостанай педагогикалық колледжінің барлық командасының ұжымына: колледж әкімшілігі, алаң ұйымдастырушылары, техникалық әкімші, компатриот-сарапшылар мен қатысушылар сапалы жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз еткені үшін алғысымызды білдіреміз.Қатысушы студенттер өз білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын іс жүзінде көрсетті және чемпионаттың қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге дайын екендіктерін тексерді. Бұл болашақта болашақ маманға кәсіби қызметте пайдалы болатын баға жетпес тәжірибе болды деп ойлаймын.Сонымен бірге өзіміздің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кафедрасында үш күн бойы осы Worldskills аймақтық кәсіби шеберлік чемпионат сайысын ұйымдастырып,әр студенттермен сарапшыларды басқарып,әр жұмысты жақсы ұйымдастырып,нақты бағыт беріп отырған бас сарапшы:Молдабаева Алия Утегеноваға кафедра атынан алғыс айтамыз.
Сонымен бүгінгі Worldskills аймақтық кәсіби шеберлік чемпионат сайысының қорытындысы бойынша мынандай жетістіктерге ие болды:
Қостанай педагогикалық колледжі -Қайрат Дамира- І-орын
Қостанай педагогикалық колледжі - Алексеева Екатерина – ІІ орын
Қостанай гуманитарлық колледжі - Депершмидт Диана –ІІІ орын
«Зерек» жеке меншік колледжі - Момот Мария – ІІІ орын
Арқалық педагогикалық колледжі- Русланқызы Сымбат – қатысқаны үшін сертификат берілді.
Қостанай педагогикалық колледжінің әкімшілігі барлық дайындық пен жүргізілген жұмыстар үшін қатысушылардың барлығына алғыс білдіреді.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жеткен жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, кәсіби дағдыларыңызды одан ары қарай дамытуға және жетілдіруге тілектеспіз.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кафедрасының оқытушысы: Рахпанова Б.Г.