сарқылмас ынта-ықыласпен оятады.Ұстаз туралы тек жақсы тілек,жақсы ойлар,естеліктер ұялады. Ұстаздық бұл – ойласаң, ой жетпейтін, сөйлесең – сөз жетпейтін ұлы мамандық.
Мамандық ең асылы,ең қасиеттісі ол ұстаздық.Себебі қай мамандық болмасын,ұстаздың тәрбиесін алып,тұлға болып қалыптасады. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да оған бас иеді,құрмет тұтады.
Менің мұғалім мамандығын тандауыма бастауыш сыныпта маған тәлім берген,менің анамдай болып кеткен кісі Гульбарам апайдың кепілі тиді.Ол маған оң мен солды,жақсы мен жаманды айыруға үйретті.Қай қадамым дұрыс қайсысы бұрыс бәрін қадағалап түзеп отыратын еді,осының арқасында тұлға болып,ары қарай дамып келе жатырмын.Дамуымның жалғасы бұл қазіргі оқып жатқан оқу орыным,менің қызығушылығымды одан сайын арттырды.Тәлім берушілердің барлығы жылы жүзді үйретуге,тындауға,түсіндіруге талмайтын кісілер.Менің оқуға деген ынтамның кепілі де осы кісілердің берген тәлімдерінің арқасы десек те болады.Әрине,мені ерекше ынталандыратын кісі бұл Ляззат Алдабергеновна,ешбір жағдайға қарамастан әрдайым бізді қолдап,ақылын айтуға дайын тұрады.Осы кісіге және басқа тәлімгерлерге үлкен ризашылығымды білдіргім келеді.
Жақсы жандарға, жақсы тілек,оқу жүйесінің жаңа мазмұны мен сипатын меңгеруде зейіндеріңіз ашылып, биік белесті бағындыра беріңіздер! Жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту,ынтасын арттыру жолында қажымас қайрат тілейміз! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Істеріңіз оңынан болсын! Әрқашан абыройлы болып, мәртебелеріңіз арта берсін!
Қостанай педагогикалық колледжі М-21 тобының студенті Айбаркызы Аруна