Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сенбі, 05 желтоқсан 2020 16:56

Жақсылық жан жадыратар!

Rate this item
(5 votes)

Қостанай педагогикалық колледжінде Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Бұнда Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Мачнева Светлана Григорьевна Қамқоршылық кеңесінің 2020 жылы

атқарған қызметтері туралы: жатақхананы тексеру қорытындысы, түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпараты, колледж директоры Уразамбетова Г.У. мен бас есепші Ибрагимова Э.В. есеп бергендері,  Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің  колледжде өткен ата-аналар жиналысына, мәнерлеп оқу сайысына және көптеген колледж өткізген іс-шараларға онлайн режимінде қатысқандары туралы қорытынды жасай отырып, қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен педагогикалық ұжымға, студенттерге алғыс білдірді.

Директордың оқу-практика жөніндегі орынбасары Жунусова К.С. дуалды оқыту жүйесі туралы ақпарат бере отырып, кәсіпорын үшін-бұл өзіне кадрлар даярлау, қызметкерлерді іздеу және іріктеу, оларды қайта оқыту және бейімдеу бойынша шығыстарға үнемдеу мүмкіндігі екенін және жастар үшін дуалды оқыту-өз бетінше өмір сүруге және ересек өмірге оңай бейімделуге тамаша мүмкіндік екенін атап өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Морозенко С.М. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы деп жарияланғаны туралы және еріктілік-бұл жай ғана тегін жұмыс емес, азаматтардың жауапкершілігінің және әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайындығының көрсеткіші екенін айта отырып, колледж жастарының атқарған жұмыстары туралы ақпаратымен бөлісті. Сонымен қатар  колледжде қосымша білім берудің барлық түрлері волонтерлік практиканы қолданумен байланысты екенін атап айтты. 

«Жақсылыққа - қайырымдылықпен, мейірімділікке - ізгілікпен, достыққа - адалдықпен жауап беру керек»,- деген ұранмен Қостанай педагогикалық колледжінің Қамқоршылық кеңесі өз қызметін жалғастыра бермек.

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы

Жармухамбетова А.А.

Read 1569 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео