Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 26 қаңтардың 2021 21:52

Талдау

Rate this item
(30 votes)

26 қаңтар 2021 жылы Филология  кафедрасы апталығының аясында «Қазақ тілі  және әдебиеті»  пәнінің оқытушысы Каржаубаева Баян Дауреновна М-11 тобында «Бабалар сөзі - даналық көзі»  атты  ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:

- «Даналық» құндылығы туралы түсінік беру

- Өз халқының адамгершілік-рухани құндылықтарын, өсиет сөздерін оқып, үйрету арқылы ата-баба сөзі өнеге екенін ұғындыру;

- Түрлі тапсырмалар арқылы ойын еркін жеткізуге, шығармашылыққа баулу; жүзеге асырылды.

Сабақтың барысы: 3-кезеңнен тұрды. 1. Тапсырма мәтінмен жұмыс болды. Ә. Табылдиевтің «Ата өсиеті» әңгімесінен студенттерге сұрақтар қойылды. Біршама студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, сабақтың тақырыбын аша білді. 2-ші тапсырма «жаттығу – ойлану» деп аталды. Балалар, даналардың сөздерін өмірден көрген –  білгендерін пайдалана отырып, әрі қарай жалғастырып өлең жолдарына ұқсас  өнегелі өлең құрастыру керек болды. Студенттер өте биік дәрежеде өз таланттарын көрсете білді. Нәтижесінде студенттер арасынан 3 лидер деген  жауап таңдап алынды.  3-ші тапсырма шығармашылық жұмыс болды. Бұл тапсырмада студенттер өздерін дана адам сезініп, адамға ой салар нақыл сөздермен өлең-шумағын шығару, болмаса әңгіме құрастыру керек болды. Бұл кезеңде де студенттер жай қарап қалмады. Бір-бірімен жарысып, шығарған өлеңдері, құрастырған әңгімелері өте қонымды болды.  Сабақтың соңы Н. Айтовтың  «Алтын сөз»  өлеңімен аяқталды.

Ұсақ болма, ірі бол!

Кім болсаң да әутейір,

Өз ортаңның гүлі бол!

Азаматтың бірі бол!

Ата – анаңның көзінің,

Туған елдің ұлы бол!

Сөнбейтұғын нұры бол!
Ойға тоқы, парқын сез,

Ата сөзі – алтын сөз.

«Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің оқытушысы

Каржаубаева Б.Д.

Read 1864 times Last modified on Сейсенбі, 26 қаңтардың 2021 21:56

1 comment

  • Comment Link Елчиева Аида Сәрсенбі, 27 қаңтардың 2021 18:42 posted by Елчиева Аида

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео