Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сейсенбі, 23 ақпанның 2021 20:19

КӘСІП БОЛМАЙ НӘСІП БОЛМАС!

Rate this item
(46 votes)

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Әл-Фараби

Қазіргі пандемия жағдайында болашақ жолды анықтау, белгілі бір мамандық туралы ақпарат алу, таңдау жасау және қызықты болатын мамандыққа тоқталу оңай болып отырған жоқ. Осындай кезде талапкерлерге көмек ретінде 2021 жылғы 23 ақпанда "Ашық есік күні" аясында "Филология" кафедрасының оқытушылары Қостанай қ. №9, 122 және Ұзынкөл ауданы мектептерінің болашақ түлектері үшін онлайн режимінде кездесу өткізді.

Талапкерлерді қабылдау емтихандары қалай өтетінін, қанша уақыт оқу керектігін, оқуға түсу үшін құжаттарды қашан тапсыру керектігі қызықтыратыны сөзсіз. Біз осы ақпараттарды беру мақсатында бүгін ашық есік күнін өткіздік. Бұл жерде тек қана оқу туралы ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар болашақ студенттердің оқуы мен бос уақытын қалай ұйымдастыратындығын да көрсете білдік. Атап айтқанда бітіруші топ студенттері мен бірінші курстың М-11тобының студенттері колледжде алған әсерлері, жеткен жетістіктерімен бөлісті. 4 курс студенті Бурлачук Владислава болашақ мұғалімдердің кәсіби өсуінің барлық мүмкіндіктері туралы ғана емес, сонымен қатар спорттық, ғылыми-зерттеу және шығармашылық бағыттар бойынша даму мүмкіндіктері туралы айтты.

Кафедра оқытушылары Кудиярбекова А.М. мен Арыстан Н.Н. біздің колледж қабырғасында білім алуға болатын мамандықтар мен біліктіліктер тізімімен таныстырды, оқуға түсу шарттары мен оқу түрлері туралы айтып берді.

Қонақтарға колледж туралы ақпарат алуға болатын сілтемелер ұсынылды.

Кафедра оқытушылары Юсова Л.В., Ткаченко Т.Е., Кенжегарина А.А., Жармухамбетова А.А. және қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы Сейлова Л.А. оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

«Кәсіп болмай нәсіп болмас» деген мақалды ескере отырып, егер өміріңізді мұғалімдік кәсіппен байланыстыратын болсаңыз, Қостанай педагогикалық колледжінің есігі сіздер үшін  айқара ашық!

Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Филология кафедрасының оқытушысы

Read 2046 times

1 comment

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео