Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 09 наурыздың 2021 13:21

Педагогика және психология кафедрасы апталығы

1-5 наурыз аралығында Қостанай облысы әкімдігінің Білім бөлімінің «Қостанай педагогикалық колледжінде» ҚМКҚ «Педагогикалық идеялар калейдоскопы» атты педагогика және психология кафедрасының апталығы өтті.

Іс-шараның мақсаты - студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар жасау. Міндеттері: Педагогика және психология кафедрасының оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысын көрсету; студенттердің танымдық белсенділігін күшейту; мұғалім мамандығын насихаттау; болашақ мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық қабілеттерін ынталандыру.
Апталықты өткізу барысында кафедра мүшелері қойылған мақсат-міндеттерге сай студенттерге де, оқытушыларға да арналған іс-шараларды ұйымдастырып, өзінің кәсібилігін көрсете білді.
Педагогика және психология кафедрасының 35 жылдығына орай Буртылева З.А. онлайн-квест өткізіп педагогикалық ұжым мен студенттерге . кафедра тарихына шолу жасауға мүмкіндік берді.
Сподина А.А. мұғалім мамандығының маңыздылығын насихаттау мақсатында колледж түлектерімен байланыс орнатып, кәсіби жолдың басталуының ерекшеліктері туралы интервью алған болатын.
Педагогика және психология кафедрасының апталығы әр түрлі бағыттағы онлайн вебинарлар өткізумен ерекшеленді. Мысалы, әлеуметтік серіктестерді қатыстыра отырып «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хакімжанова атындағы №20 орта мектеп» психологы Сафина А.Ғ. педагогикалық ұжымға арналған «Эмоционалды күйзелісті алдын алу» атты онлайн-тренинг өкізген болатын. Сонымен қоса, Байнактова З.М. «Тайм-менеджмент: өз уақытыңызды қалай жоспарлау керек», Янук А.С. және Муратова Г.А. «Әлеуметтік әлсіз студенттермен жұмыс ерекшеліктері» атты вебинардады өткізген
Кафедра апталығы аясында Сандыбаева А.Б., Молдагулова Ш.И., Овражко М.Е. арнайы пәндер бойынша: педагогикалық шеберлік, педагогика және оқыту әдістемесі бойынша бірқатар ашық сабақтар өткізіліп, студенттер өздерінің кәсіби құзыреттіліктері мен пәндер бойынша білімдерін көрсетті.
Шығармашылық белсенділік пен көркемдік талғамды дамыту, кәсіби міндеттерді тиімді орындау, жеке тұлғаны дамыту үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мотивациясын арттыру мақсатында Волошко В.И. колледж студенттері арасында «Көңілді әрі салиқалы» видео-сайысын өткізді. Нәтижесінде үздік топ студенттері мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қоса, педагогика және психология кафедрасының апталығына байланысты қала колледж оқытушылары арасында «Өзін-өзі тану» пәнімен үздік интеграцияланған видео сабақ» видео-сабақ сайысы өткізілді. Нәтижесінде келесі оқытушылар марапатталады:
І орын - Кучерявая Татьяна Леонидовна, https://cloud.mail.ru/public/dCkc/K73vbWjJb
ІІ орын – Ткаченко Татьяна Евгеньевна https://cloud.mail.ru/public/1xw6/sC4Zr7YE7 ,
Рахпанова Багиткуль Ганиевна https://cloud.mail.ru/public/3Eqr/3wbiJz5hC
ІІІ орын - Третьякова Ольга Владимировна https://cloud.mail.ru/public/Kjsp/JoQXqbaV1, Овражко Марина Евгеньевна  https://cloud.mail.ru/public/HdyD/HXcPJssuB , Брахметова Анар Аскарбековна https://cloud.mail.ru/public/WmgG/W1oB5nwjP
Барлық оқытушыларды құттықтап белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз
Кафедра апталығында колледж студенттері мен оқытушылары спорттық шараларға да қатысуға мүмкіндік алды. Осылайша, Дюсекеева М.М. кәсіптік аурулардың алдын алуға арналған өндірістік гимнастика элементтерін жұмыс орында игеру тәсілдерімен бөлісіп, Сушко Т.С. студенттерге арналған спорттық челендж өткізіп, спортпен айналысуға түрткі берді.
Кафедра апталығында барлық жоспарланған іс-шаралар жоғары кәсіби деңгейде өткізілді. Өз кезегінде, педагогика және психология кафедрасының оқытушылары барлығына белсенді қатысқандары үшін ризашылықтарын білдіреді.

Read 2293 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео