Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сәрсенбі, 10 наурыздың 2021 17:06

«Караоке батл-2021» байкауыныз қорытындысы

"Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды",

- деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай бұл өмірдің мәні де, сәні де аяулы аналарымыз. Сондықтан мейірім шуағын төккен абзал жандардың мерекесіне орай Қостанай педагогикалық колледждің кәсіподақ комитетінің жаңа құрамымен 5 наурыз «Караоке батл-2021» дәстүрлі байқау өткізді.
Мерекенің қарсаыныңда ісшараны пайдалана отырып, жетістікке жеткен әріптестерімізді, яғни:
-    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мемлекеттік мекемесі, Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің атынан Құрмет грамотасымен Кубжасарова Жанар Илеусизовна – білім беру саласындағы жоғары кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі үшін марапатталады.
-    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының грамотасымен тиімді виртуалды ресурс номинациясында үздік виртуалды әдістемелік қызметке облыстық конкурста жеңіске жеткені үшін  және үздік виртуалды әдістемелік қызмет облыстық конкурсына қатысқаны үшін сертификатпен Баекенова Сандыбала Айтокиновна
марапатталады.
-    Сарбасова Дана Тұрсынғалиевна  Қостанай облысының Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы атынан "Жайлау" санаторийінде сауықтыру кешені қызметтеріне 8 наурызға арналған сыйлық сертификаты табыс етіледі.
Сонымен қоса «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты жас оқытушылар арасындағы педагогикалық шеберлік сайысының нәтижелері бойынша мараматталады.Олар:
-    1 орын алған Арыстан Нұралы Нұрланұлы 30 мың теңгенің сертификаты мен   дипломына ие болды;
-    25 мың теңге сомасындағы сертификаты мен дипломына  2 орын алған Салкенова Меруерт Кабдоллаевнаға табысталды;
-    20 мың теңге сомасындағы сертификаты мен дипломына 3 орын алған Марина Вячеславовна Первушкинаға беріледі,
-    «Педагогикалық дебют» номинациясы бойынша грамота және 15 мың теңге сомасындағы сертификат Регина Равкатовна Пивовароваға тапсырылады,
-    «Шеберлік шыңына» номинациясы бойынша грамота және 15 мың теңге сомасындағы сертификат Юсупова Алина Қанабекқызына беріледі.
Байқау үш кезеңнен тұрды, олар:1 кезең «Үй тапсырмасы»; 2- кезең «Қыз бала, әйел ана, асыл әже»;3- кезең  «Барлық уақыттағы фильм саундтректері». Биылғы жыл байқаудың ерекшелігі қатысушылар 3 кезеңнің әндерін өздері таңдап алды  және әрбір команда құрамы 3 адаман тұрды.Байқау қатысқан комнадалар: «Поющая мафия», «New girls»,  «30-40-50», «Бірлік», «КарMAN».
Кандайда бір жарыс болсын, байқау болсын әрине әділ баға беретін әділ қазылар алқасы болады. Қазылар алқасының мүшелері-бұл байқау идеясының авторлары, бұрын кәсіподақ комитетінің мүшелері болған. Олар: Жаркенов Куаныш Серикбаевич, Темирбекова Айгуль Тулегеновна, Гессель Сергей Владимирович, Зеленкевич Елена Викторовна, Сатыбалды Марияш Нурлановна.
Командаларымыздың қойылымдары алуан түрлі, біздің педагогтар мен қызметкерлердің музыкалық талғамы бізді қуантты. Әрбір команда байқауға өте жақсы дайындықтарын, әртістік кабілеттерін, жан жақтылығын көрсете білді.
Байқаудың нәтижесі бойынша . 1 орынды «КарMAN» командасы иеленіп, әрбір мүшесіне 20 мың көлемде серификат және «Караоке батл-2021» статуэткасымен марапатталды. 2 орынды «New girls»,  командасы иеленіп, әрбір мүшесіне 15 мың көлемде серификатымен марапатталды. 3 орынды «Поющая мафия» командасы иеленіп, әрбір мүшесіне 10 мың көлемде серификатымен марапатталды. «30-40-50» және «Бірлік»,  командалар номинация беріліп, әрбір мүшесіне 5 мың көлемде серификатымен табысталды.
Кәсіп одағының мүшелері ісшараға 8 наурыз мейрамның карсаңызда әріптестерімізге тосын сый ретінде Қазақстанның «X-Factor» бас вокалдық тележобасының жеңімпазы» Айдар және Бекболат Жазыкпаевтар дуэт «BRO» шақырған болатын.
Дуэт «BRO» ақ жаулықты әжелерімізді, аяулы аналарымызды және әсем ауруларынмызды құттықтап , ән шырқады. Әріптестермізге жасалған тосын ойдадыдай болды. Жас өнерпаздарымзғы мың алғаз, өнерлері өрге жүсін.
Қортына келе байқаудың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Әрі қарай үлкен белестерден көріне беріңіздер.

Елеусизова Диана Аллабергеновна,
Кәсіподақ ұйымының ақпараттық қызмет
жөніндегі маманы

Read 1535 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео