Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 25 наурыздың 2021 14:24

Әкеге қарап ұл өсер

Rate this item
(18 votes)

«Панорама открытых уроков» іс-шарасының аясында Филология кафедрасының оқытушысы Сейлова Ляззат Алдабергеновна жаңартылған білім беру әдісі негізінде 16 наурыз күні У-11 тобында «Әкеге қарап ұл өсер» атты тақырыпта ашық сабақ өттізді.

Сабақтың мақсаты: қазақ тілінде берілген мәтіндер негізінде студенттердің отбасындағы сыйластық ұғымы жайлы білімдерін арттыру және қарапайым сөйлеу үлгілерін пайдалану арқылы студенттерді отбасын қадірлеуге тәрбиелеу. Берілген дескрипторлар бойынша тапсырмалар орындалды: студенттер  отбасы мүшелері (ата-ана, ұл, қыз) туралы іздестірген мақал-мәтелдерін қазақша, орысша, ағылшын тілінде айтады; қазақ тіліндегі сөйлеу үлгілері арқылы отбасы мүшелері туралы өз ойларын ортаға салады; тақырып аясында достарымен отбасындағы сыйластық бойынша ақыл-кеңес береді; қажетті ақпараттарды орынды қолданады; көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, эссе жазады; мәтіннен мақал –мәтелдерді табады; мәтіндегі сын есімдерді қолдана алады. Осындай дескриптор талаптарын студенттер толығымен орындап, жоғары деңгейде білімдерін дәлелдей білді.  QR-код арқылы мақалдарды толықтырып, сабақтың тақырыбын ашты. Баланың дамуында қай ортаның рөлі басым?,- деген сұраққа студенттер өз ойларын іркілмей жеткізе білді.

Сабақ  өте қызықты, мағыналы өтті. Оқытушы Ляззат Алдабергеновнаның мінезінің бірқалыптылығы студенттерді өздерін еркін ұстап, сабаққа белсене қатысуларына себепкер болды. Сабақ соңында « Әке туралы ән»  айтылып, студенттердің отбасынан құралған фотоколлаж көретілді. Осындай әдістемелік жағынан дұрыс, әсерлі, мағыналы құралып, өткізілген сабақтан жастардың алар үлгісі мол екеніне сенім білдіре отырып, У- 11 тобының студенттері мен оқытушысы Ляззат Алдабергеновнаға алғыс білдіремін.

Филология кафедрасының оқытушысы

Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

 

Read 1795 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео