Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 06 сәуірдің 2021 09:53

Ашық сабақтар панорамасы

Rate this item
(7 votes)

Қостанай педагогикалық колледжінде 2021 жылдың наурыз айында ашық сабақтар панорамасы өтті. Онда жас оқытушылармен қатар, тәжірибелі оқытушылар да қатысты. Ашық сабақтар панорамасына филология кафедрасының оқытушылары да қатысып, ашық сабақтар өткізді.

Филология кафедрасынан Панорама бағдарламасына келесідей сабақтар ұсынылды:

№ п/п

Понаромаға қатысушының аты-жөні Топ /сабақ № Күні Пән/Сабақтың тақырыбы
1 Сейлова Л.А. У-11/2 16.03.2021 Қазақ тілі мен әдебиеті / «Әкеге қарап ұл өсер...»
2 Кенжегарина А.А. Ар-11/3 26.03.2021 Қазақ тілі мен әдебиеті / «Қ.Жұмаділов – жазушы. «Қаздар қайтып барады»
3 Кудиярбекова А.М. Ар-14/2 30.03.2021 Орыс тілі/ «Молодежная культура. Синтаксис»
4 Арыстан Н.Н. М-11/2 31.03.2021 Қазақ тілі мен әдебиеті / «Қасым Аманжолов «Өзім туралы»

Барлық сабақтарда жаңартылған білім мазмұнының әдіс-тәсілдері мен талаптары сақталып, мультимедиялық технологияларды қолдана отырып, дәстүрлі стильде өткізілді. Әр мұғалім айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым, тілдік бағдарды қолдана отырып, бағалау критерилері мен дескрипторды, сын тұрғысынан ойлау, саралап оқыту технологияларын т.б. қолданды.
Оқытушылар панорамалық сабақтарды өткізуге шығармашылықпен қарады, ал білімалушылар пәндер бойынша жақсы білімдерін көрсетті.
Сабаққа қатысқан колледж оқытушылары өз әріптестерінің жоғары кәсібилігін атап өтті. Барлық сабақтар танымдық, реттеуші, коммуникативті, жеке білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін мейірімді, жайлы орта болды.

Мұғалімдер мен оқушыларға жемісті, шығармашылық жұмысы, сабаққа қатысу кезінде алған жаңа тәжірибесі үшін рахмет!!!

 

Read 1970 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео