Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Дүйсенбі, 19 сәуірдің 2021 09:35

«Модульдік - дуальды білім беру: тәжірибе, мәселелері, болашағы»

Rate this item
(4 votes)

Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясының шешуші басымдықтарының бірі – осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады.

Білім беру саласының озық идеяларын талдап,талғап оқыту үдерісінде қолдануды Қостанай педагогикалық колледж басты мақсат етіп қойып отыр.

Оған дәлел ретінде, 2021 жылдың 16 сәуірінде Қостанай педагогикалық колледжінде мектепке дейінгі тәрбие кафедрасында «Модульдік - дуальды білім беру: тәжірибе, мәселелері, болашағы»  тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатымен ұйымдастырылған  вебинарды айтуға болады. Өткізілген  вебинардың негізгі мақсаты тәжірибе алмасу,мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің  модульдік-дуальды білім беруге көшуді дұрыс ұйымдастыру. Білім - тек ғылымның іргетасы емес, шетелдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орыналуы, оның білім жүйесінің дегейіне, даму бағытына байланысты.

Вебинарға өз тәжірибелерімен бөлісуге  Рақымжан Әсел Қайроллақызы, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары, Таукен Жанара Елюбаевна, Астана халықаралық универститетінің педагогикалық колледжі, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары. Нұр-Сұлтан қаласынан қатысты.Сонымен қатар Қостанай педагогикалық колледжнің оқытушылары да өз тәжірибелерімен бөлісті.Олар: Абдиханова Кунжанат Оразовна мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының бөлім меңгерушісі. Султанова Галия Еркеновна, жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы.Вебинар барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісті және ашық диалог алаңында туындаған сұрақтарға жауап берді. Вебинарда дуалды-модулдік оқытудағы өткір сұрақтар қарастырылды. Өткізілген вебинар болашақта оқытушыларға өз жұмыстарында септігін тигізеді деген сенімдеміз.

                                                   Абжанова Акбала Куанышовна,

                                            мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының меңгерушісі

Read 1668 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео