Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 19 сәуірдің 2021 15:21

Музей педагогикасы – қосымша білім беру бағыты

Rate this item
(0 votes)

Соңғы онжылдықтар – бұл педагогикалық процестің қарқынды жаңару жылдары.Біздің алдымызда білім алушыларды музейлердің білім беру ресурстарын барынша тиімді пайдалану арқылы отандық және әлемдік мәдени-тарихи мұраға тарту міндеті тұр.

Музей, оның ішінде колледж музейі – бұл мәдени кеңістік. Музей  коллекцияларының педагогикалық әлеуетіне жүгіну білім беру ортасын байытуға және кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 1-9 сәуір аралығында бірінші курстың 257  студенті Қостанай педагогикалық колледжінің музейін көріп, тамашалады. Білім ордасының 60 жылдығы қарсаңындағы іс-шаралар аясында «Өткенге көз жүгіртсек. Қостанай педагогикалық колледжінің тарихы» тақырыбына экукурсия өткізілді.  Жас жүргізушілер, 1 курс студенттері: Артюх Анастасия, Герман Эдуард, Иванова Ева, Кусаинов Султан,  Молдашева Сабина, Молчанова Карина, Сатбек Дильназ, Тургумбекова Томирис  қосымша біліп беру педагогі Г.А. Попованың жетекшілігімен   аталмыш білім ордасының пайда болу және қалыптасу тарихымен, оның дәстүрлерімен, жеткен жетістіктерімен  таныстырды.

Кез келген білім беру ұйымы осындай ұзақ және ең бастысы лайықты тарихымен мақтана алмайды. Өткен жылдар  елеусіз қалмайтыны анық. 

Бұл - уақытпен өте келе  жинақталып, байи түсетін тәжірибе,  бұл- әрқайсысының өзіндік ізі бар мыңдаған түлектер, бұл, ақыр соңында, осы жылдар бойы ынтымақтаса жұмыс істеп келе жатқан педагогикалық ұжым. Экскурсия аясында студенттер өткенге көз жүгіртіп, мұражай жәдігерлерін, сирек кездесетін заттарды көріп, алғашқы түлектердің фотоальбомдарын  қарап шығуға мүмкіндік алды.

Музей педагогикасы аясында өткізілген іс-шаралар студенттердің білімін кеңейтуге ғана емес, колледж тарихы туралы, сонымен қатар мәдени-ағарту қызметін ұйымдастыру туралы білім алуға мүмкіндік береді.

Г.А.Попова, қосымша білім беру педагогі,

                                               А.Артюх, У-13 тобының студенті

Read 589 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео