Жунусова Кымбат Сагандыковна және ШЖ жөніндегі басшының орынбасары Баранова Светлана Анатольевна, бас есепші Ибрагимова Эльмира Владимировна әкімшілік атынан мүше ретінде енді. Ал, кәсіподақ атынан БКҰ төрағасы Арыстан Нұралы Нұрланұлы және оның орынбасары Капенова Даметкен Кужаковна, БКҰ Рахметова Алмагуль Рымовна бекітілді.
Келісу комиссиясының негізгі қызметі жұмыс беруші мен жұмысшының арасында түсініспеушілікті шешу және оның алдын алу болып табылады. Осы орайда комиссия мүшелері 2 сәуір мен 16 сәуір аралығында аралас форматта Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы ҚБ ұйымдастырған 20 сағатты қысқаша курстан өтті.
Курстардың бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады:
- Онлайын сабақ– Zoom конференция – 5 сағат (2.04 - 08.04)
- Өздігінен дайындалу – 9 сағат
- Практикалық сабақтар, тестілеу, сертификаттар табыстау – 6 сағат
Колледжіміздің келісу комиссиясының мүшелері курстан толық өтіп, сертификат иегерлері атанды. Болашақта кез келген жұмыстағы мәселесі бойынша «Келісу комиссиясына» хабарласып тейісті жауап ала аласыздар.
БКҰ төрағасы Арыстан Нұралы Нұрланұлы