Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Дүйсенбі, 15 қараша 2021 10:52

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы апталығының шығармашылық іс-әрекеті-кәсіби шыңдалу сатысы

        Біздің еліміз дамудың жаңа этапынан өтіп жатыр. Зияткерлік капитал, адам еңбегі, жаңа инновациялық ойлау Қазақстанның басты құндылығы болып саналмақ.

Мектепке дейінгі балалық шақ адам өмірінің елеулі кезеңі.Сондықтан да, мектепке дейінгі білім беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік басты саясаттағы бағыттарының бірі.      Мектепке дейінгі білім берудің алдағы дамуы мектепке дейінгі мекеме мамандарының кәсіби біліктілігінде болмақ.

      Білім беруді жаңарту болашақ мамандарды даярлау үрдісіне жаңа көзқараспен қарауға итермелейді Осы бағытта Қостанай педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасы педагогтары тынымсыз ізденіс үстінде. Қараша айында «Жанның байлығы-білім мен өнер!» атты тақырыбында өткен апталық кәсіби - шығармашылық, жаңа ойлар тасқыны десе де, болады.

Апталықтың салтанатты ашылу рәсімін бірінші курс студенттері өткізді. Биылғы колледж табалдырығын аттаған студенттердің әсем даусы жиналған қауым көңілінен шықты.

 Сондай-ақ, кафедра апталығы аясында «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық ғылыми - практикалық конференция болып өтті.

     Конференцияда оқылған баяндамалар мәнді, мазмұнды болды. Бұл конференцияға балабақша бөбекжай мамандары қатысып, өз ғылыми жобаларын көрсетіп, атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты. Ұстаздар мен студенттердің шығармашылық әлеуетін байыту, кәсіби деңгейін арттыру және жаңалықтарды талқылау, практикалық және ғылыми-зерттеу тәжірибесімен алмасу мақсатында 2021 жылғы 10 қарашада «Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті. Конференция жұмысына Мектепке дейінгі ұйымдардың, колледждердің 50-ден астам педагогтары мен студенттері қатысты. Конференцияға қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізу одан әрі оқуға деген оң уәжді қалыптастыруға қалай әсер ететінін, әртүрлі өмірлік жағдайларды шешуге шығармашылықпен қарауға тырысатын баланы тиімді тәрбиелеуге қалай ықпал етпек деген ойларымен бөлісті.

«Балабақшаға жұмысқа орналасқан жас маманның әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық бейімделуі» -тақырыбы бойынша әлеуметтік серіктестер мен бітіруші топ студенттері шақырылды. Бұл конференцияға облыстық балабақша бөбекжайының озық мамандары қатысты.

    Облыстың жалпы білім беретін мектептерімен кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мақсатында QR код құрылды, ол арқылы болашақ талапкерлер Қостанай педагогикалық колледжінің мамандықтарымен және нақты «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының қыр- сырымен танысты.

Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының апталығы аясында В-32 тобында «Оқыту әдістемесімен бейнелеу қызметінің негіздері» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді, оған Қостанай педагогикалық колледжінің 16 педагогы қатысты. Ашық сабақта мен Survio, Learningapps, Kahoot, QR коды, Castlots сияқты түрлі білім беру платформалары қолданып жас маман Нурпеисова Маншук Женисовна замануи шығармашылықпен өткізді.

Сабақ – бұл белгілі бір саты, саты қызықты және маңызды.

Кафедрада жаңашыл ойларымен тың әдіс-тәсілдерімен көзге түсіп жүрген маман Третьякова Ольга Владимировна  «Лего-құрастыру және білім беру робототехникасы» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасымен кіріктірілген өндірістік практикаға студенттерді дайындау сәтімен әріптестерімен бөлісті.

     Сабақ замануи тың идеяға толы болды. Студенттер берілген ақпартқа қызығушылық танытып, сабақ соңында өз қолдарымен жасаған, ойыншықтарын қызыға тамашалады. Тәжірибелі маман Кострова Людмила Юрьевна «Педагогикалық шеберлік» сабағын В-32, Т-41 тобымен біріге отырып өткізді. Сабаққа қазіргі таңда жұмыс жасап жүрген жас мамандар шақырылды. Сабақ кәсіби бағыттау мақсатында болды.Студенттер алдағы уақытта өз мамандықтарының еңбек нарығындаға маңызын түсініп, пайым жасап,өз ойларымен бөлісті.

     Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының күні аясында «Әуенді тап» атты көңілді бағдарлама барысында біздің колледж студенттері қаншама музыкалық білім алды десеңізші! Ойын барлық бөлімдердің екінші курс студенттері арасында бірінші қабаттың холлында үзіліс кезінде өтті. Қызықты және музыкалық ойын жылы және достық атмосферада болды. Студенттер ұмытылған балалар кинофильмдері мен мультфильмдерін еске алып мәз-мейрам  шаттыққа бөленіп,ұсынылған әндердің барлығын тез табуға тырысты..

Кез келген педагог өз шәкіртінің дұрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда  мәнерлеп оқу пәні оқытушыларының рөлі ерекше. Кафедра апталығына байланысты, Рахпанова Багиткул Ганиевна мамандық студенттерімен  шағын ертегі түсіріп,. Ы. Алтынсариннің балаларға арналған «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша театрландырылған қойылымды ұйымдастырды. Қойылым көрермен көңілінен жылы орын алды. Апталық студенттердің «Ертегі әлеміне саяхат» - атты ән орындауымен , апталыққа қатысушыларды марапаттаумен аяқталды. Апталық өте қызықты,әдістемелік, замануи әдіс-тәсілдерге толы болды.

 

 

     Мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі: Абдиханова К.О.

 

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео