Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сейсенбі, 30 қараша 2021 11:00

Біздің чемпиондарымыз

    2021 жыл Қостанай облысы және қазақ педагогикасы үшін Ұлы ұстаздың мерейлі мерейтойын атап өтуге арналған жыл болып табылды. Жыл бойына колледж қабырғасындағы өткізілген шаралардың басым бөлігі де,  жерлесіміз Ы.Алтынсариннің 180

жылдық мерейтойына арналды. Білім алушыларымыз тек колледж қабырғасында емес сондай-ақ облыстық деңгейде дала қоңырауының есімін ұлықтап келуде.

27 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай облыстық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Турнирге облысымыздың жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп оқушыларынан құралған 24 команда қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі аудандық (Б.Майлин ауданы, Әулиекөл ауданы, Қамысты ауданы, Қарасу ауданы) оқушылар болды. Турнирге колледжіміздің екінші курс студенттері Абдирова А М-21 тобы, Куанышова Г. М-21 тобы, Жұмабек Ж. М-21 тобы, Жанибекова А. Т-21 тобының студенттері қатысты.
Турнир нәтижесі:
1.    орын. Қостанай педагогикалық колледжінің 2 курс студенттері. Абдирова Аружан, Қуанышова Гүлназ.
2.    орын. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті маңындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенттері. Мәлікзада Аружан, Альмухамедова Мадина.
3.    орын. Озат мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп лицей интернаты. Доскеева Жанеля, Асалканова Жулдыз.
3. орын. Қарасу ауданы. Аяпберген Томирис, Қаратаева Аяулым.
Үздік спикер. Білім инновация лицейі. Орынбек Еламан.
Үздік төреші. Макатова Аягоз.
Турнир нәтижесі бойынша студенттеріміз облыстық пікірсайыс турнирінің чемпиондары атанды. Колледж қабырғасында қазақ тілінде жүргізіліп келе жатқан «Алаш болашағы» пікірсайыс клубына мүшелікке қабылдау жүріп жатыр.



Алаш болашағы пікірсайыс
клубының жетекшісі Арыстан Н.Н.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео