Ел болашағының баянды болмағы бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты. Біз еліміздің ғылымы мен технологиясының дамуына, «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асыруға үлесімізді қосу үшін болашақ мамандығымызды дұрыс таңдай білуіміз керек екен. Елімізде білім алу үшін барлық жағдайға жол ашық. Міне сол білімді саналы түрде игере отырып, Отанымыздың бір тетігіне сапалы маман болып қалану – біздің басты парызымыз.
Мамандық дегеніміз - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандықтың бәрі жақсы. Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті қажет ететін маңызды іс және адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, жүрегінің қалауына сүйену керек. Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді. Қазіргі таңда мамандықтың түрі өте көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі болып табылады. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспін, жас ұрпақ!
Құрметті оқушылар! Сіздер үшін Қостанай педагогикалық колледжінің есігі айқара ашық! Бізге оқуға келіңіздер, сіздерге жоғарғы білікті оқытушылар білім беріп ғана қоймай, өмірдегі ең сыйлы маман иесі болатындарыңызға сенімдімін! Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.
Қостанай педагогикалық колледжінің
Филология кафедрасының оқытушысы
Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна