Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сейсенбі, 21 желтоқсан 2021 11:43

Серіктестік алаңы

Rate this item
(2 votes)

   Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай педагогикалық колледжі" КМҚК "Серік алаңы" жобасын іске асыру бойынша Жол картасының іс-шаралары шеңберінде 2021 жылғы 20 желтоқсанда WorldSkills өңірлік чемпионатына сарапшыларды даярлауды ұйымдастыру бойынша семинар өткізді.

   Аталған іс-шара "Мектепке дейінгі тәрбие"құзыреттілігі бойынша өзара оқыту, тәжірибемен алмасу және колледж  инфрақұрылымын пайдалану мақсатында өткізілді.
Сондай-ақ, "Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі" КМҚК  келісім серіктестік -колледждері арасында жасалған. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының" Қостанай гуманитарлық колледжі "ЖМ және мектепке дейінгі  ұйымдары үшін мамандар даярлау бойынша білім беру бағдарламасының  - әдістемелік кешендері бойынша студенттерді оқыту өтті.
Мақсаты: әрбір жеке елде, сондай-ақ жалпы бүкіл әлемде кәсіби шеберлік сайыстарды  ұйымдастыру және өткізу арқылы бүкіл әлемдегі үздік практикалар мен кәсіптік стандарттарды үйлестіру жолымен жұмысшы кәсіптерінің  беделін арттыру және кәсіптік білім беруді дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс екенін көрсету.
Бүгінгі біздің қонақтарымыз  «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі" КМҚК  оқытушылары: Новознова Анна Александровна,Гришина Ирина Михайловна және директордың оқу жөніндегі орынбасары:  Голованова  Валентина Ивановна және студенттері қатысты..Сонымен бірге Қостанай Гуманитарлық колледжінің оқытушысы: Дитаева Динара Мейрамовна мен «Зерек» жеке меншік колледжінің оқытушылары мен студенттері болды .
А.Утегеновна  осы алаңды ұйымдастырушы, жалпы жиналған педагогтарға WorldSkils Kazakhstan 21 чемпионаты туралы есеп беріп,қана  қоймай  осы сайыс туралы көптеген ақпараттар берді.Сайысқа  қатысқан кездегі тапсырмалардың орындалғаны және қандай қиыншылықтар туғаны жөнінде және неге көңіл бөлу керектігін айтып өтті.
 Сәуір-мамыр айында болатын WorldSkils  сайысына дайындық керектігін және қатысушыларға тапсырмалар дайындауға көмек сұрады. Қатысқан педагогтар көмек беруге келісті.Студенттерімізді бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін жағдай жасалу керектігіне келген қонақтарда келісті.Осындай үлкен республикалық сайыстарға студенттерді қатыстыру бұл үлкен шеберлікті ,әрі студенттің де деңгейінің жоғарлайтынын көрсетті.Сонымен бірге келген студенттергеде  сайыс туралы ,оның тапсырмалары мен жаңа ақпараттық технологиялар туралы мысалы. роботтехника , легомер-2, интерактивті құм  жөнінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту кафедрасының оқытушылары айтып, түсіндіріп және студенттермен ойындар ойнады.бүгінгі өткен серіктестік алаңы педагогтардың бір –бірімен тәжірибе бөлісу ғана емес , бұл мамандардың ары қарай студенттерімізге қалай жағдай жасап,қалай көмек беруді бірге шешуге жақындастырды. Алғаш рет осындай үлкен Республикалық WorldSkils  сайысына қатысып,біздің студентіміз Әбдіғали Ралина медальмен марапатталды.Ралинаны дайындаған балалар әдебиетінің мамандары:Артюшина Л.И.,Рахпанова Б.Г., ҚМҰҚ әдістемесінен: Абжанова А.К.,Подкальюк Л.Н. робототехника бойынша: Третикова О.В. және денешынықтыру әдістемесінің оқытушылары: Нурпеисова М.Ж мен Жолдыбаева Д.С., ата- аналар жиналысы мен жоба құрастыру бойынша Молдабаева А.У.,Лойко В.А., Кострова Л.Ю. бөлім оқытушыларына алғысымыз шексіз..Сонымен қатар осы WorldSkils Kazakhstan 21 чемпионатына барлығын басқарып,ұйымдастырған Молдабаева А.У.,әр сәтте өз ісінің маманы екенін дәлелдеп келе жатыр.Сонымен бірге  Қымбат Сағандыққызы осындай тың идея беріп,кездесу ұйымдастырып, кәсіби мамандармен кездесуге мүмкіндік берді. Мектепке дейінгі бөлімнің шығармашылық ұжымына жылы қабылдағаны үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

Директордың іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары: Жунусова К.С.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің оқытушысы: Рахпанова Б.Г.

Read 1580 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео