Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан – тәнімен сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген. Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері артары сөзсіз деп білемін. Балалар - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. Сондықтан, біздің бүгінгі міндетіміз – әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашақ бастауы болатын бүлдіршіндерімізді саналы азамат етіп тәрбиелеу.
Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады.
Т-41 тобының ұйымдастырумен «Мен таңдаған мамандық» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге колледжіміздің түлектері: №13 бөбекжай басшысының тәрбиешісі Мендіқұлова Арай Мұратқызы, біздің 2020 жылғы түлегіміз, №16 бөбекжай басшысының тәрбиешісі, 2021 жылғы біздің түлегіміз Байсалбаева Маншук Куандыковна қатысты. Түлектерімізге арнап Нұрхан Назым тәрбиеші туралы өлеңін сыйға тартты. Түлектерімізге, қазіргі тәрбиешілерге студеннттерді қызықтыратын, толғандырып жүрген сұрақтар қойылды. Студенттер, ертеңгі түлектер сұрақтарына жауап алып, келген қонақтарға алғыс білдірді. Студенттерді қызықтырғын сұрақтар: тәрбиеші мамандығын не себепті тандадыныз, жұмыстағы ең алғашқы кұніңіз туралы дипломыңыдызды алғаннан соң жасаған әрекетіңіз, мамандықтың қандай жақсы жақтары бар, балалармен жұмыс жасаганда қандай әдіс тәсілдері қолданасыз, тәрбиешіге тән қасиеттер және т.б. Келген қонақтарымыздың қызметтеріне табыс, отбасыларынаға амандық, сәттілік тіледік. Іс-шарамызды «тәрбиеші» әнін айтумен аяқтадық.
Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна,
Филология кафедрасының оқытушысы