2022 жылдың 02 ақпанында Шет тілдер кафедрасының апталығы аясында, Zoom платформасында Ак - 11 тобында «Отбасы бақыты – ел қуаты» атты ашық кураторлық сағат өткізілді.Студенттер ісшараға белсенді түрде қатыса білді. Студенттер тәртіпті, сауатты жауаптармен, оқу міндетін өз бетінше қоя білуімен және оны шеше білуімен, назарын қажетті ұғымдарға аудара білуімен қуантты. Студенттер викторинаға қатыса отырып, халық мақал-мәтелдерін еске алды.
Отбасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық, шыдамдылық тақырыптарын талқылады. Сабақ барысында «жанжалдар» тақырыбы да қозғалды. Сонымен қатар студенттер «Егер отбасы үй болса, қандай үй болар еді» тақырыбына өз жобаларын қорғады. Сабақ барысында Ак-11 тобының білім алушылары ойын түрінде сергіту сәтін өткізді. Сабақ рефлексиямен аяқталды, онда барлық студенттер сауалнама арқылы өз белсенділіктерін бағалады және олар не үйренгендерін айтты.
Ак-11 тобының студенті Серікова Дильназ да өткен сабақ туралы өз әсерлерімен бөліседі: «Бүгінгі сабақ біздің көнілімізден шықты. Бүгінгі сабақта біз өз отбасымыз жайлы, отбасымыздағы мейрамдар жайлы айттық. Отбасының адам өміріндегі маңызын білдік. Көптеген қызықты жаттығулар жасап, сергіту сәтін орындадық. Топ бойынша тапсырмалар жасадық, сабақ бізге ұнады».
Жалимбетова Ж.Н. Қостанай педагогикалық колледжінің шетел тілдер кафедрасының педагогы