Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Жұма, 11 ақпанның 2022 09:37

Әлемді суретшінің көзімен көруді үйреніз

Бүгін Муз/ДПМ-21, Муз/ДПМ-11 топтарының студенттеріне Қостанай суретшісі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың «Суреттердегі Хокку» көрмесін тамашалау сәті түсті. Бұл іс-шара Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының залында өтті.

Георгий Михайлович ұзақ уақыт бойы біздің колледжде «Сурет және кескіндеме» пәнінен сабақ берген болатын.
Көрмеде ерекше атмосфера орнады. Суреттер әсерінен  біз сұлулыққа қол тигізіп, өнердің барлық күші мен сұлулығын сезіне алдық. Жүргізушілер Георгий Михайловичтің өмір баяны және  суреттері мен оларды орындау техникасы туралы айтып берді.

Георгий Михайловичті көрменің ашылуымен Қостанай педагогикалық колледжінің сәндік-қолданбалы шеберлік кафедрасының меңгерушісі Баякова Бибижамал Мукашевна.

Георгий Соковтың әр жұмысы - бұл кішкентай шедевр! Біздің студенттер көркемдік шеберліктің көптеген қырлары мен ерекшеліктерін білді. Біз өнер әлемінің алуан түрлі және керемет екендігіне көз жеткізе алдық.

Көрмеге қатысқаннан кейін біздің қаламызда, біздің арамызда осындай талантты адамдар - өз ісінің нағыз шеберлері өмір сүріп, жұмыс істейтіндігі туралы жылы естеліктер мен жағымды сезімдер қалды!

 

Арнайы пәндер оқутышылары А.Ю Абишева, Ж.С Тулепбаева

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео