Студенттер орталықтың балаларымен «Мейірім шуағы» атты іс – шара өткізді. Іс – шараның мақсаты балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу, игі істердің адам үшін маңыздылығын көрсету болды. Іс – шара жағымды атмосферада өтті, балалар мейірімділік жайлы әндер айттып, шығармашылық және интелектуалдық ойындар ойнады, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңынды топ студенттері дайындаған шағын сыйлықтар балаларға тарту етілді.
РХК/Муз -11 тобының кураторы
Тулепбаева Ж.С.