Бірінші апта бейімделу аптасы болды: мұғалімдер ұжымымен, балалармен таныстым. Келесі күні маған кіші және орта топтарда домбыра сабағы берілді. Мен осы күнді асыға күттім. Топтағы балалармен ортақ тіл табыса білдім. Тәжірибеден өту барысында ұстаз еңбегі әрқашан бағалана бермейтін қажырлы еңбек екенін түсіндім. Осы жерде қоғамымыздың лайықты мүшелерін тәрбиелеуге бар күш-жігерін салып жүрген керемет жандар жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта еш кедергісіз шәкірттерімді концертке дайындап жатырмын.
Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
МУЗ-41тобының студенті Жарылкасынов Алибек.
Әдіскер Столяренко О.А.