Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сенбі, 19 ақпанның 2022 13:27

«Қайырымдылық жасай білейік!»

   «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, студенттердің жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып,

жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
   Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Осы орайда білім алушылардың бойында жақсылық,қайырымдылық, өзара көмек жайлы түсініктерін кеңейту мақсатында  Қостанай педагогикалық колледжі «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Сандыбаева Айымгуль Балтабаевна мен М-41 тобының студенттерінің ұйымдастырылумен  «Қайырымдылық жасай білейік!» атты кураторлық сағат өткен болатын.Кураторлық сағатта жылы лебіздерімізді білдіріп,алғашқы білімдерімізбен бөлісіп өттік. Кураторлық сағатта біздің біліміміз жан-жақты дамыды, сонымен қатар өзара ақпарат алмасуда жүзеге асты. Біз «Қайырымдылық» сөзінің шығу тарихын, қайырымдылық қорлары, қайырымдылық қорларының біз білмейтін тұстарымен таныстық. Ақпарат алмасып қана қоймай, өз білімдерімізді машықтамамен ұтымды байланыстыра білдік.Сонымен  қатар кураторлық сағатта әртүрлі ақпараттық технологиялармен жұмыстар жүргіздік.Топпен бірге осы іс-шара аясында бейнебаян түсірген болатынбыз.Ол бейнебаянның келешек жастарға беретін тәрбиелік мәні зор.Осы бейнебаян арқылы топ студенттері қайырымдылық сөзінің мән-мағынасын толық түсініп,бейнебаян арқылы қамти алдық. Өзге адамдардың жаңашырлық іске берген эмоцияларын көрген сәтте біздің бойымызда қайырымдылық жасауға,қамқоршы бола білуге деген ерік, жігеріміз қалыптасты.Кураторлық сағатты «Жақсы адамдарым» әнімен қорытындылап, қоршаған ортаға мейірім шапағы мен бірге қайырым нұрын шашып жүруді ұғына білдік.

М-41 тобының студенті
Касымбекова Оразгуль



БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео