22 ақпан 2022 жылы математика және ақпараттық технология кафедрасы апталығының «Сандық білім беру шындығы» тақырыбында «виртуалды шындық» көрмесі жалғасын тапты. Оқу күні бойы барлық тілек білдірушілер үшін «Ойна және дамыт» виртуалды көрмесі жұмыс істеді, онда оқу процесін әртараптандыруға мүмкіндік беретін жаңа жабдық «Kinect» бағдарламасымен танысуға мүмкіндік болады. Қозғалмалы сабақтар «ойна және дамыт» маманға жұмыста жаңа жетістіктерге жетуге, ал балаларға қызықты оқу процесінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Осы бағдарламаны сабақтарда қолданған кезде балалардың эмоционалдық қабылдауы, мотивация мен танымдық белсенділіктері артады. Ойлау мен есте сақтауды, үйлестіруді, қиялды дамытады. Мектепке жақсы дайындықты қамтамасыз етеді. Біздің колледжде «Ойна және дамыт» бағдарламасы бұл бастауыш білім беру, мектепке дейінгі білім беру мамандарын даярлау үшін қолданылады, бірақ бүгінгі көрме көрсеткендей, бұл технология кез-келген жастағы адамдарды қызықтырады.
Колледж бөлімшелерінің студенттері арасында виртуалды көрмеге белсенді қатысу конкурсы колледж студенттері мен педагогтарына сауалнама жүргізу арқылы өткізіледі. Екінші күннің нәтижесі бойынша № 2 және № 3 мектеп бөлімдері көш бастап тұр.
М-41 студенттері
Султанбекова Айдана,Тоқтарбай Жаниэлла, Ресеева Дильназ
МжАТ кафедра оқытушысы Елеусизова Д.А