Семинарға Қостанай педагогикалық колледжі директорының оқу-практикалық жұмысы жөніндегі орынбасары Жунусова Кымбат Сагандыковна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 5 "а" мектеп-гимназиясы» КММ, Қостанай Облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» КММ, Қостанай Облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданының білім беру бөлімінің Қарағайлы жалпы білім беретін мектебі» КММ және Алтынсарин ауданының мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері шақырылды.
Семинардың мақсаты бастауыш сынып оқушыларын математика пәнінен олимпиадаға дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану мәселесінде әлеуметтік серіктестер қызметінің тәжірибесімен алмасу болды.
Бүгінгі таңда білім берудің басым міндеті оның фундаменталдығын сақтау және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің перспективалық қажеттіліктеріне сәйкес болу негізінде білім беру сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Нәтижесінде, жалпы білім беретін мектеп жаңа білімнің белгілі бір мөлшерін игеруге де, тұлғаның дамуына да бағытталған білім береді. Математика оқушыларға беретін күрделі мектеп пәндерінің бірі екені жасырын емес, өйткені ол стандартты емес ойлау мен ерекше көзқарасты қажет етеді. Математика өз пікірін дәлелдеу және қорғау, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдау қабілеттерін дамытады. Математика жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі болып табылады және адамның дамуына баға жетпес үлес қосады. Оқушылардың зияткерлік дамуына бағытталған көптеген жұмыс әдістерінің ішінде пәндік олимпиадалар ерекше орын алады.
Семинар аясында бастауыш сынып оқушыларды қалай математикадан олимпиадаға дайындау керек? Оқушыларды неше жастан дайындау керек? Қандай тиімді әдіс- тәсілдер пайдалану керек деген практикалық мәселелер қаралды. Осы мәселелер туралы тиімді әдіс- тәсілдерді практикамен үйлестіре отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 5 "а" мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші біліктілік санатты Досмагамбетова Ботагоз Муратбековна және Қостанай Облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші біліктілік санатты Ертышбаева Жанар Жиентаевна.
Семинардың қорыта келе біз түлектерімізге ұсыныстар:
Оқушыларды математикалық конкурстар мен олимпиадаларға тікелей дайындау кезінде оқушылардың назарын келесі тармақтарға аудару қажет:
- әр мұғалімге оқушыны математика пәні бойынша конкурсқа, олимпиадаға дайындамас бұрын, дайындықтың педагогикалық жүйесін жасауға;
- олимпиадалық есептерді шешуге дайындау үшін үйірме жұмысының, математикадан факультативтік сабақтардың мүмкіндіктерін пайдалану;
- мектепте ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына қызығушылық танытқандарды анықтау, олардың жоспарлары мен армандарын жүзеге асыруға көмектесу, мектеп оқушыларын ғылым мен өмірден іздеу жолына шығару, өз қабілеттерін толық ашуға көмектесу маңызды.
Бүгінгі өткізілген семинар біздін түлектердің болашақта ұстаздық жолда өз септігін тигізеді деген ойдамыз. Семинар өте танымды, қызықты болды.
Елеусизова Д.А., Сыздыкова Б.С.
МжАТ кафедра оқытушылары