балаларды тәрбие мен оқытуға арналған. Сайысымыз қазіргі заман талабына сай және кәсіби мамандықтың шеберлігі мәдениетті қалыптастыру, кәсіпкерлік бастамашылықты қалыптастыру және кәсіпкерлік қызметке қызығушылықты ынталандыру мақсатында өткізілді. кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіреді.
1- тапсырма: «Таным» білім беру саласы бойынша Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру пәніне арналды. Үш жас ерекшелік топтарға конспекті жазып,ҰОҚ –н сабақ көрсету.
2- тапсырма: «Қатынас» білім беру саласы бойынша үш ертегі берілді «Қоянның үйі», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Бауырсақ» .Ертегіге конспекті құрастырып, қойылым көрсету.
3- тапсырма: Қимылды ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне сай таңдау және конспекті жазу. Әр тапсырманы дайындау 1.20 берілді және дайындап болғаннан кейін көрсетуге 15 минут уақыт бөлінді.
Студенттеріміз берілген тапсырмаларды мүмкіндіктерінше орындап, теориядан алған білімдерін практикамен ұштастыра алды.Әрқайсысы өздерінің шеберліктерін біреуі конспект құрастырумен,екіншісі эмоциямен, үшіншісі білімімен көрсете алды.Кейбір студенттерге барлық тапсырмалар қолжетімді ,әрі оңай нағыз маман ретінде көрсете алды..Олар :
Әр студенттің білімі мен кәсіби шеберліктерін бақылау мақсатында кафедраның оқытушылары WorldSkills 2021 чемпионат сайысының жеңімпазы Әбдіғали Ралина да көмек беріп, өз бағасын қойып, жеңімпазды анықтады.
Сонымен 1 орын В-21 топ студенті : Шилова Марина
2 орын Т-21 топ студенті: Касенгалиева Даяна
3 орын В-22 топ студенті : Миллер Диана
Өзіміздің кафедрамызда бүгінгі жұмысты ұйымдастырған WorldSkills 2022 чемпионатының бас сарапшысы Молдабаева Алия Утегеновна мен оқытушылар бағалады.
WorldSkills 2022 чемпионаты студенттеріміздің кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіруге ынталандырады.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құжырасының оқытушылары: Молдабаева А.У.,Рахпанова Б.Г.