Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Жұма, 25 ақпанның 2022 17:42

Парасатты қамқорлық!

         Қостанай педагогикалық колледжінде 2022 жылдың ақпай айында Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Бұнда Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Каримова Сауле Елеусизовна  Қамқоршылық кеңесінің 2021 жылы атқарған қызметтері елеулі екенін атап айтты.

       Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Светлана Анатольевна колледжегі жабдықтаулар мен турникет қызметі туралы ақпарат берді. Өрт дабылы, тілдік және дыбыстық құлақтандыру дабыл түймелері орнатылғандығын,  оқу корпусының 43 камерасы Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына қосылғадығын, терроризмге қарсы қорғалуының ба екенін  атап өтті. 

        Директордың оқу-практика жөніндегі орынбасары Кымбат Сагандыковна студенттік өзін-өзі басқару жұмысы туралы ақпарат бере отырып, жұмыстың негізгі мазмұны-ақпараттық, құжаттамамен жұмыс, ағымдағы мәселелерді шешу екенін айтты. Бұл студенттер үшін өз бетінше өмір сүруге және ересек өмірге оңай бейімделуге тамаша мүмкіндік екенін атап өтті.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Камар Закарияновна қазіргі әлемде білім қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізгі факторы ретінде қарастырылатынын, сондықтан да Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы білім берудің негізгі міндеті оның сапасын арттыру болып табылатынын атап айтты. Қашықтықтан білім беруге мәжбүрлі көшу колледжге жаңа тәжірибе берді. Бірақ колледжде мұндай оқыту форматына дайын еместігі остуденттердің біліміне әсер етті.

      «Жақсылыққа - қайырымдылықпен, мейірімділікке - ізгілікпен, достыққа - адалдықпен жауап беру керек»,- деген ұранмен Қостанай педагогикалық колледжінің Қамқоршылық кеңесі өз қызметін жалғастыра бермек.

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы

Жармухамбетова А.А.

 

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео