Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сейсенбі, 01 наурыздың 2022 09:35

Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:үрдістер,мәселелері,келешегі

Rate this item
(2 votes)

Білімсіз халық қанша бай болса да,
байлығы басқа халықтың қолына көшеді.
А.Байтұрсынов.

   Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жауапкершілік жүктеледі.

Мәдениетті,ұқыпты,білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі, білімді болу қажет.

   Ақпанның 25 жұлдызында Ақмола облысы ,Көкшетау қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің съезі болып өтті. Қостанай облысынан 13 педагог съезге қатысты.Съезге 300 жуық Қазақстан Республикасының әр облыстарынан келген педагогтар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде тоғысты.Съезд уақыты 8.30 қатысушыларды тіркеуден басталды. Бірінші қабатта «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы инновациялық технологиялар» бойынша көрме өтті .Төрт секция жұмысы сағат 9.30 басталып, 11.30 аясында жұмыс жасады.
   Бірінші секция жұмысының тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және оның мазмұны».
   Екінші секция жұмысының тақырыбы: «Сапа өлшемшарттары және менеджмент».
   Үшінші секция жұмысының тақырыбы: «Ойын -баланың негізгі әрекеті және дамытудың негізгі құралы».
   Төртінші секция жұмысының тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі».Әр секцияның модераторлары жұмыс барысында жасалған ұсыныстарды жазып алып отырды.
   Съезд жұмысының екінші бөлімі «BALASHAQ SARAIY»  сарайында пленарлық отырыс бойынша жүргізілді.Пленарлық отырыс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың алғы сөзімен ашылды. Пленарлық мәжілісте бес спикерлер өз баяндамаларымен бөлісті. Соның ішінде Фатима Ниязбекова Жумабекова п.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті мектепке дейінгі тәрбиенің көкейтесті мәселелері туралы баяндама жасады.Татьяна Алексеевна Адерихина ҚР-дағы ЮНИСЕФ-тің білім беру жөніндегі бағдарламалардың жетекшісі. Жоспарлау және мониторинг арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру бойынша сөз сөйледі.Пленарлық мәжіліс баяндамаларында мектепке дейінгі ұйымның мәселелері туралы айтылып,еркін микрофон арқылы счъезд қатысушылары өз ұсыныстарын айтып кетті.Съезде мектепке дейінгі ұйымда болатын өзгерістер мен алда болатын жоспарлар туралы баяндалды.

Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушысы Абжанова А.К.

Read 2773 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео