Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Светлана Анатольевна колледжегі жабдықтаулар мен турникет қызметі туралы ақпарат берді. Өрт дабылы, тілдік және дыбыстық құлақтандыру дабыл түймелері орнатылғандығын, оқу корпусының 43 камерасы Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына қосылғадығын, терроризмге қарсы қорғалуының ба екенін атап өтті.
Директордың оқу-практика жөніндегі орынбасары Кымбат Сагандыковна студенттік өзін-өзі басқару жұмысы туралы ақпарат бере отырып, жұмыстың негізгі мазмұны-ақпараттық, құжаттамамен жұмыс, ағымдағы мәселелерді шешу екенін айтты. Бұл студенттер үшін өз бетінше өмір сүруге және ересек өмірге оңай бейімделуге тамаша мүмкіндік екенін атап өтті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Камар Закарияновна қазіргі әлемде білім қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізгі факторы ретінде қарастырылатынын, сондықтан да Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы білім берудің негізгі міндеті оның сапасын арттыру болып табылатынын атап айтты. Қашықтықтан білім беруге мәжбүрлі көшу колледжге жаңа тәжірибе берді. Бірақ колледжде мұндай оқыту форматына дайын еместігі остуденттердің біліміне әсер етті.
«Жақсылыққа - қайырымдылықпен, мейірімділікке - ізгілікпен, достыққа - адалдықпен жауап беру керек»,- деген ұранмен Қостанай педагогикалық колледжінің Қамқоршылық кеңесі өз қызметін жалғастыра бермек.
Қамқоршылық кеңесінің хатшысы
Жармухамбетова А.А.