Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сәрсенбі, 16 наурыздың 2022 13:42

Мамандықты дұрыс таңдау - өмір жолының сәттілігінің негізі.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез

келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту,

тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді,

зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Ж.Аймауытов.

      Психолог мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келген мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн. Мамандық таңдауда әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500–ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап алу үшін бізге икем, қабілет және мінез қажет.

           «Мамандықты дұрыс таңдау – өмір жолының сәттілігінің негізі» демекші, өмірде мамандық таңдаудан қателеспеген жөн. Жас жеткіншектердің мамандықты таңдауда қателеспегені өте маңызды.  Мамандық таңдаудың негізгі талаптарының бірі – таңдаған мамандығыңыздың қоғамға қажеттілігі. Ал мұғалімдер қашанда қоғамға қажет болған, қажет, қажет болады да.Олар сауатты де салауатты ұрпақтың білімді, саналы болып өсіп-жетілуінің негізі.

           Ұлы Абай атамыз айтқандай «Неге арналсаң, соны ізде» дегендей, адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

            Қазіргі кезде болашақ жолды анықтау, белгілі бір мамандық туралы ақпарат алу, таңдау жасау және қоғамға пайдасын тигізер мамандықты таңдау оңай болып отырған жоқ. Осындай кезде талапкерлерге көмек ретінде 2022 жылғы 16 наурызында  "Ашық есік күні" аясында "Филология" кафедрасының оқытушылары Қостанай қаласының №9, №122 және Ұзынкөл ауданы мектептерінің болашақ түлектері үшін онлайн режимінде кездесу өткізді.

            Талапкерлерді қабылдау емтихандары қалай өтетінін, қанша уақыт оқу керектігін, оқуға түсу үшін құжаттарды қашан тапсыру керектігі қызықтыратыны сөзсіз. Біз осы ақпараттарды беру мақсатында бүгін ашық есік күнін өткіздік. Бұл жерде тек қана оқу туралы ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар болашақ студенттердің оқуы мен бос уақытын қалай ұйымдастыратындығын да көрсете білдік. Біз болашақ мұғалімдердің кәсіби өсуінің барлық мүмкіндіктері туралы ғана емес, сонымен қатар спорттық, ғылыми-зерттеу және шығармашылық бағыттар бойынша даму мүмкіндіктері туралы айттық.

          Кафедра оқытушылары Ткаченко Т.Е. мен Сейлова Л.А. біздің колледж қабырғасында білім алуға болатын мамандықтар мен біліктіліктер тізімімен таныстырды, оқуға түсу шарттары мен оқу түрлері туралы айтып берді.Қонақтарға колледж туралы ақпарат алуға болатын сілтемелер ұсынылды. Кафедра оқытушылары Юсова Л.В., Кудиярбекова А.М., Кенжегарина А.А., Жармухамбетова А.А. оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

          «Кәсіп болмай нәсіп болмас» деген мақалды ескере отырып, егер өміріңізді мұғалімдік кәсіппен байланыстыратын болсаңыз, Қостанай педагогикалық колледжінің есігі сіздер үшін  айқара ашық!

 Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Филология кафедрасының оқытушысы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео