Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сәрсенбі, 16 наурыздың 2022 17:28

16 наурыз Музыка кафедрасының үшінші күні кафедра оқытушысы Нуржакупова Гульшат Кенжетаевнаның сөзіне жазылған «Ұстаздарға арнау» атты әсем бейнебаянынан бастау алды.

   16 наурыз Музыка кафедрасының үшінші күні кафедра оқытушысы Нуржакупова Гульшат Кенжетаевнаның сөзіне жазылған «Ұстаздарға арнау» атты әсем бейнебаянынан бастау алды.

   Үзілісте музыка кафедрасының оқытушысы Кожевникова Анжелика Игоровна  заманауи әуендерді орындау арқылы барлық тыңдаушыларға  алдағы күнге қуат беріп, тамаша көңіл күй сыйлады.
   Колледж оқытушыларымен студенттеріне Рысбеков Данияр Кобыландыкович өз тәжирбиесімен бөлісе отырып «Қазақ халық музыкалық аспаптарында ойнау» атты шеберлік сағатын өткізді. Қазақ музыкалық аспаптары — халық арасында кең тараған музыкалық аспаптар. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра.
   Қазақтың музыкалық аспаптары өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі халқымыздың бітім-болмысы, тыныс-тіршілігі мен шежіре-тарихын айқындайтын бірегей мәдени мұрасы. Музыкалық аспаптар халықтың тұрмыс-тіршілігінен, салт-санасынан, әдет-ғұрпынан да хабар береді. Халқымыздың дәстүрлі музыкалық аспаптарын саралағанда ең әуелі олардың дыбыстық ерекшелігі мен жасалу заты басты назарға алынады. Әрбір аспаптың дыбыстық ерекшелігі олардың белгілі бір ортадағы қызметі мен қолданысының өлшемі болса, жасалу заты сол аспап атауының айқындауышы болып саналады. Шеберлік сағаты барысында Данияр Кобландыкович ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден,малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасалатыны атап өтті. Домбыра, шертер, шан қобыз, сыбызғы, саз сырнай, қурай, даңғыра, дауылпаз сынды казақ халық аспатарының жасалу жолдарын айта отырып, әр аспапта ойнау әдісін көрсетті. Көрермендер «Табақ тарту» күйін тыңдап, шеберлік сағатынан керемет әсер алды.
   Қорытындылай келе Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй¬лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы...» деген сөздермен аяқтағымыз келеді.

Музыка кафедрасының оқытушылары:
Сагумбаева А.С., Тулепбаева Ж.С.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео