Қазіргі уақытта жалпы білім беру жүйесін жаңғырту және сапасын арттыру жағдайында оның барлық құрамдас бөліктерін дамыту және жетілдіру жүзеге асырылуда. Мұндай жағдайларда білім беру саласы міндетті түрде сапалы және мазмұнды түрде өзгеруі, ұтқыр болуы, балалардың және олардың ата-аналарының, білім мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек.
Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өзін тәуелсіз мемлекет ретінде барша әлемге танытып отырған тұста білім беру қазақ халқының даму жолындағы үлкен маңызды іс болып табылады.
Біздің егеменді еліміздің дамуына негіз болатын бір-ақ нәрсе, ол-білім. Білімсіз ғылым дамымайды. Жас ұрпаққа білім беру ісі қай мерзімде, қандай қоғамда болмасын-бірінші кезектегі міндет.
Қалыптасқан білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес ХХІ – ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Орта арнаулы оқу орындарының алдындағы негізгі міндет-жоғары сапалы тұлға даярлау, өйткені оқушы мен оқытушы арасында мүлде жаңа қатынас пайда болады. Сондықтан оқушыларға білімділікпен қатар тәлім-тәрбиенің құралдарын әдіс-тәсілдермен, педагогикалық іс-әрекет түрлері арқылы меңгерту қажет.
Оқытушының әр сабағы ашық сабақ сияқты өтілуі керек. Сабақ оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқу процесінде алатын орны ерекше.
Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Оқушылардың іс-әрекеті неғұрлым үйлесімді, кемелденген, тиімді оқыту әдістерімен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де соғырлым жоғары болып, шығармашылық қабілеттің дамуы қарқынды болады.
Осындай жағдайларды есекере отырып, оқытушы біліктілігінің, сабаққа дайындығын анықтау мақсатында Қостанай педагогикалық колледжінде «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК педагогының үздік оқу - әдістемелік кешені" атты конкурс өтті. Конкурсты өткізудің мақсаты: оқу процесінде оқу-әдістемелік ешенді қамтамасыз етуді жетілдіру, оқыту сапасын және мамандарды даярлау сапасын арттыру.
Конкурсқа ұсынылған оқу-әдістемелік кешен мынадай мазмұнға сәйкес келуі тиіс: нормативтік құжаттар, оқу-әдістемелік материалдар: теориялық материал, практикалық сабақтар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, оқу материалын меңгеру сапасын бақылау, пән/модуль бойынша білім алушылардың ғылыми және шығармашылық жұмысына арналған тапсырмалар. ОӘК бағалау критерийлері: ОӘК барлық құраушыларын ұсынудың толықтығы, ОӘК құрамындағы оқу-әдістемелік материалдардың сапасы.
ОӘК бағалау комиссия мүшелері колледж директорының оқу әдістемелік ісі бойынша орынбасары Чуркина Т.А., әдіскер Кусеубаева Ж.А. және тәжірбиелі оқытушылар Артюшина Л.И., Буртылева З.А., Кравченко Т.А. болды. Олар конкурсқа қатысушы ұстаздардың ОӘК жіте тексеріп, өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Сайысқа қатысқан оқытушылар: Черкова Н. В. музыка кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы, Кучерявая Т. Л. шет тілдер кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы, Жармухамбетова А. А. филология кафедрасының оқытушысы, Елеусизова математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы, Демесинова Ж. Б. жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы.
Оқу-әдістемелік кешен – нақты оқу процесінің жақтарын көрсететін белгілі бір педагогикалық жүйенің ақпараттық үлгісі. ОӘК оқу процесінде туындайтын мәселелердің толық кешенін шешуге арналған. Оқыту мен оқу әдісі қазіргі педагогика ғылымының барлық жетістіктерін есепке алуы керек және кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және жүзеге асыру арқылы студенттер мен мұғалімдердің жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан да осындай кең көлемді конкурстар оқытушылардың өз тәжірбиелерімен бөлісіп, өздеріне сабақ, бағыт алары сөзсіз.
Филология кафедрасының оқытушысы
Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна