Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сенбі, 16 сәуірдің 2022 13:47

«Өмірдегі ғылым.Өмір үшін, ғылым» тақырыбындағы Ғылыми-студенттік қоғамының апталығының жабылу салтанаты.

   Қазіргі таңда ғылым қарыштап дамуда. Ғылымның арқасында адамзат тұрмысына,өміріне қажетті жаңалықтар ашылуда.Ал, ғылымның әр саласы білімнің дамуымен тығыз байланысты. Ғылымның адам өмірінде пайдасы үлкен деп ойлаймын.

   Тіпті,ғылымсыз бүгінгі күні адам өмірін елестету мүмкін емес. Көп жағдайда білім мен ғылымды ажыратпаймыз, бұл екеуін бір деп қараймыз. Әрине бұл екеуі бір-біріне өте жақын, дүниетаным нәтижесі. Білім таным арқылы ғылымға ұласады. Осыған орай 11 сәуір мен 16  сәуір аралығында ғылыми-студенттік қоғамының апталығы болды.Апталыққа колледж студенттері мен оқытушылары белсене атсалысты.Апталық аясында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып өз білім деңгейлерін көрсетіп,жүлделі орындарға ие болды. «Ұстаздық қылған жалықпас,Үйретуден балаға.»  деп Абай Құнанбайұлы айтқандай әрбір студенттің  жеткен жеңісі ,оқытушының жемісі.Атқарылған іс-шараларды қортындылау мақсатында 16 сәуір күні ғылыми-студенттік қоғамының апталығының жабылу салтанаты болды.Апталық қорытындысы бойынша белсене қатысқан студенттер марапаталып ,мақтау қағаздар мен дипломдар табысталды. «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға»-деп Ұлы Абай айтқандай, әрбір студенттің  еңбегі еленбей қалған жоқ. Ғылыми-жетекшілерге шабыт,студенттерге табыс тілей отырып,бағындырыр бағытарыңыз көп болсын дегіміз келеді.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео