Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« September 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Сейсенбі, 03 мамырдың 2022 14:25

Жастар пікірсайыс алаңында

Rate this item
(10 votes)

Балалар жылы шеңберінде 2022 жылдың 29 сәуірінде Қостанай политехникалық жоғары колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық дебат турнирі өтті.

Пікірсайыс турнирі мемлекет және қоғам қайраткері, "Алаш" партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым, түркітанушы және аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналды. Бүгінде студент жастар арасында дебаттық қозғалыс қарқын алуда. Турнирге қатысушылар көрермендер алдында керемет және әсерлі сөйлеуге, жетістікке жетудің кілті болып табылатын өз көзқарастарын нақты және құрылымды түрде дәлелдеуге тамаша мүмкіндік алды. Турнирге облыс колледждерінен 24 команда қатысты.

Ойын қорытындысы бойынша қазақ лигасында

1 орын «Жеңіс үшін» командасы иемденді, Сандыбекова Жансая М-31, Қаби Қаламқас М-31

2 орын Қостанай гуманитарлық колледжінің командасы,

3 орын Қостанай политехникалық жоғары колледжінің командасы иеленді.

Ойын нәтижесі бойынша орыс лигасында:

1 орын ҚИНЭУ колледжінің командасы,

2 орын Лисаков техникалық колледжінің командасы,

3 орын Федоров ауылшаруашылық колледжінің командасы алды.

Қазақ лигасындағы" Үздік спикер " атағын Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Қаби Қаламқас алды.

Орыс лигасындағы "Үздік спикер" атағын Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Дауренбекова Наина алды

Студенттерімізге толағай табыстар тілейміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын.

Алаш болашағы пікірсайыс

үйірмесінің жетекшісі:

Н.Н.Арыстан

Read 1678 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео