Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сейсенбі, 17 мамырдың 2022 17:03

Спорт шебері

Қазіргі таңда «Жеңіл атлетика» спортты ең кең тараған спорттың түрі болып есептелінеді. Жалпы жеңіл атлетика ежелде халықтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінен пайда болған спорт десек те болады. Яғни, халықтың қарапайым жүріс тұрыстары, секіру, жүгіру сияқты қимыл әрекеттерінен пайда болған деп айтады.

Жеңіл атлетиканың негізгі түрі — жүгіру. Жүгіру қандай адамға болсын үлкен пайдасын алып келеді. Сол себепті жеңіл атлетикамен айналысу көптеген аурулардың алдын-алуға көмектеседі. Бұл спорт түріне 9 мамыр күні 40 жыл болды. 

9 мамыр Жеңіс күніне орай Қостанай қаласында дәстүрлі марафон өтті. Марафон мақсаты әрбір қазақстандыққа салауатты өмір салттын насихаттау болып табылады. Қатысушалар жас ерекшеліктеріне байланысты бөлініп 10 шақырымға дейін ересектер ал мектеп оқушылар 400 метрге бақ сынады. Топ жарғандардың арасында колледжіміздің оқытушысы марафоншы Шагатаева Зауреш Жараспаевнада болды. Ардагерлер арасында топ жарып 1 орын иегері атанды. Зауреш Жараспаевна колледжіміздің студенттеріне және педагогикалық ұжымға әрқашанда салауатты өмір салттын насихаттап келеді.

Зауреш Жараспаевнаны жеңісімен құттықтай отырып, толағай табыстармен зор денсаулық тілейміз.

 

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео