Отырыстардың күн тәртібінің тақырыптары 2021-2022 оқу жылындағы кафедралардың оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысын қорытындылау және талдау, кафедра педагогтерінің өзін-өзі дамытудың жеке жоспарларының орындалуын талдау, «Педагогикалық шеберлік» үздік виртуалды әдістемелік көрмесі» байқауына қатысудың нәтижелілігі болды; 2022 жылғы 26 мамырдағы колледждің әдістемелік кеңесінің және 2022 жылғы 26 мамырдағы педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау бойынша мәселелер қаралды. 2022 жылдың 23 маусымында кафедра педагогтері оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, сондай-ақ педагогтер жаңа оқу жылына кафедралар жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттерін, бағыттарын қарастырды.
Оқу жылының қорытындысын шығара отырып, біздің педагогтердің жемісті және нәтижелі қызметін атап өту қажет. Колледж педагогтері өздерінің кәсіби педагогикалық тәжірибесінде оқытудың заманауи әдістемелері мен технологияларын қолданады, болашақ маманның тұлғалық-кәсіби қалыптасуына көп көңіл бөледі, өзін-өзі жүзеге асыру және шығармашылық үшін жағдай жасайды, білім алушыларда қарым-қатынас мәдениетін, әлеуметтік-кәсіби жауапкершілікті тәрбиелейді.
2021-2022 оқу жылы ішінде кафедралардың тақырыптық апталарын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқан, кәсіби конкурстардың қатысушылары мен жүлдегерлері болған, ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысқаны және жоғары нәтижелері үшін, жарияланымдық белсенділігі үшін педагогтерге алғыс білдіреміз. Бұл - Қостанай педагогикалық колледжі оқытушыларының жоғары әлеуеті мен кәсіби құзыреттілігін тағы да растайды. Келесі оқу жылында барлық педагогтерге шығармашылық және кәсіби табыс, межеленген жоспарларды іске асыруын, жоғары нәтижелер мен жетістіктер тілеймін!
Т.А.Чуркина, директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөн.орынбасары