Онда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары ТжКБ жүйесінің педагогтері бас қосты. «Bolashag Saraiy»атты Балалар мен жасөспірімдер сарайында өткізілген панельдік сессияға 200-ден астам педагог қатысты. Олардың қатарында білім басқармаларының басшылары, ТжКБ бөлімдерінің басшылары, әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің өкілдері, өңірлердің педагогтері болды. Секция модераторлары: ҚР ТжКБ департаментінің директоры Оспанова Насимжан Жамбекқызы мен Ақмола облысы Білім баcқармасының басшысы Жүсіпов Бейбіт Әйтімұлы болды. Іс-шараның спикерлері: ҚР ОАМ ТжКБ, «Талап» ҰАҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Шаңырақ» ОИПЮЛ, «ҚТЖ ҰК» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Алтын Алмас»АК» АҚ, «AITAS KZ»АҚ, «Eurasia Grour Kazakhstan»ЖШС, «ITeachMe» ОФ.
Форумның мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі дамуының 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын анықтау, кадрларды даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнес және өндіріспен өзара тиімді іс-қимыл тәжірибесін қарастыру.
Өткізілу форматы:
«Hard Skills кәсіби қызмет табыстылығының факторы» Skill перфомансы;
пленарлық бөлім;
Көкшетау қ. көшбасшы -колледждері базасындағы секция жұмысы.
Қостанай облысынан қатысқан делегация құрамында 70 адам болды. Қостанай педагогикалық колледжі атынан аталмыш оқу орнының директоры Г.У.Уразамбетова, арнайы пәндер оқытушылары, педагог-зерттеушілер Ғ.Е. Сұлтанова және Д.Ж. Тулепова қатысты.
Жұма, 19 тамыз 2022 10:11
«ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР»
2022 жылғы 18 тамызда Көкшетау қаласында білім беру саласы көшбасшыларының «ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты республикалық форумы өтті.
Құрылды
Новости
View the embedded image gallery online at:
https://eduvkpk.edu.kz/kaz/item/2531-e-bek-nary-y-zh-ne-k-siptik-bilim-zha-a-m-mkindikter.html#sigProIddc0ca3ddb7
https://eduvkpk.edu.kz/kaz/item/2531-e-bek-nary-y-zh-ne-k-siptik-bilim-zha-a-m-mkindikter.html#sigProIddc0ca3ddb7