Бірақ біз үшін де Қостанай педагогикалық колледжінің төртінші курс студенттеріне де маңыздылығы зор болды. Себебі бірінші қыркүйекті біз өзге форматта өткіздік. Біз қаламыздың мектептеріндегі іс-шараларда ұстаздардың жұмысын, әдістері мен тәсілдерін зерттеп, балалардың ең бірінші күндерінде мектепке үйренісуін көру мақсатында практиканттар болып қатыстық.
Бірінші сынып оқушылары мектептің ең бірінші күнінен - 1 қыркүйектен бастап, мектептеріне бейімделе бастайды. Мектепке деген алғашқы көзқарасы, баланың келешектегі оқуына үлкен ықпалын тигізеді. Бұл күні колледжіміздің биылғы жас түлектері болып, біз үлкен мәртебемен «Ақ Нұр Плюс» атты жекеменшік мектептін бірінші сынып оқушыларын қарсы алдық. Әп-әдемі балалар, уайымы көп ата-аналар, жұпар иісті гүлдер, керемет әндер. Мінекей, мейрам басталды. Екінші, үшінші, төртінші сыныптардың талантты оқушылары мәнерлеп өлеңдерін оқып, билеп, ән айтты. Біз кішкентай таланттардан, ұстаздардан және мектептің директоры Ким Антонина Алексеевнадан бұндай профессионалды дайындықты күтпедік. Білім күні жоғары деңгейде өтті. Және мейрамның соңында, биылғы жас түлектер бірінші сынып оқушыларына керемет сыйлықтарды сыйлады.
Бірінші сынып оқушылары бұл күннен жақсы әсер алды. Бірақ олар ғана емес, біз де мерекенің атмосферасын сезіндік. Біздің бұндай керемет күні «Ақ Нұр Плюс» мектебінде тәжірибемізді бастағанымыз, осы оқу жылына, бірінші сынып оқушыларына үлкен ықпалымызды тигізгенімізге үміттенеміз. Ал біздің “Баланың мектептегі ең алғашқы күндері” атты тәжірибеміз сөзсіз керемет өтеді, өйткені біз Қостанай қаласының өте мықты мектептерінің бірінде өтудеміз.
«Ақ Нұр Плюс» мектебі жоғары білікті мамандарды дайындау үшін әрбір тәжірибеде керек көмекті беріп, оң атмосфераны практиканттарға, бізге және әрине балаларға арнап, біздің колледжімізбен бұрыннан серіктесуде.
Манапбаева Жібек Ар-41 тобының студенті,
Қостанай педагогикалық колледж