бағытта дами алады. Студенттік ғылыми қоғамды дамыту біздің колледждің басым міндеттерінің бірі болып саналады.
«Пирамида» ғылыми студенттік қоғамы – белгілі бір ғылым саласында өз білімін жетілдіруге, өз интеллектісін дамытуға, педагогтер мен басқа да мамандардың жетекшілігімен зерттеу қызметінің іскерлігі мен дағдыларын алуға ұмтылатын студенттердің ерікті шығармашылық бірлестігі.
2022 жылдың 27 қыркүйегінде Қостанай педагогикалық колледжінде «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының бірінші отырысы өтті, оған колледждің 20 педагогі мен 32 білім алушысы қатысты. Отырыстың күн тәртібіне «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен танысу, кеңесті бекіту, студенттер арасынан 2022-2023 оқу жылына арналған «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының жетекшісін сайлау мәселелері кірді.
«Пирамида» студенттік ғылыми қоғамының 2021-2022 оқу жылындағы жұмысы туралы есеппен Қостанай педагогикалық колледжінің педагогтері мен білім алушыларын У-31 тобының білім алушысы, студенттік ғылыми қоғамның жетекшісі Ирина Сергеевна Вдовина таныстырды. Өз сөзінде ол студенттердің ғылыми қызметі аясында өткен 2021-2022 оқу жылының жарқын іс-шараларын атап өтті, ғылыми-зерттеу топтарының түрлі бағыттағы конкурстар мен конференцияларға қатысуының мониторингімен таныстырды.
Отырыстың соңғы кезеңі 2022-2023 оқу жылына арналған «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының жетекшісін сайлау болды. Кандидаттар әр бөлімнің өкілдері болды:
1) Қуанышбай Әдила Алтынбекқызы, Т-21 тобының білім алушысы, мектепке дейінгі бөлім;
2) Балакина Ксения Сергеевна, Муз-41 тобының білім алушысы, мәдениет бөлімі;
3) Молдабек Дана Базарбайқызы, М-41 тобының білім алушысы, № 1 мектеп бөлімі;
4) Болих Зайнура Хасановна, У-31 тобының білім алушысы, № 2 мектеп бөлімі;
5) Манапбаева Жібек, Ар-41 тобының білім алушысы, № 3 мектеп бөлімі.
Жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша 2022-2023 оқу жылына арналған «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының жетекшісі болып Ар-41 тобының студенті Жібек Қанатқызы Манапбаева сайланды.
Біз «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамы жаңа шығармашылық, креативті және мақсатты зерттеушілермен толықтырылғанына қуаныштымыз, сондай-ақ ғылым мен жаңашылдыққа әрдайым уақыт бөлетін жастарға ризамыз! Осы оқу жылы әрқайсымыздың алдымызға жаңа көкжиектер мен үлкен мүмкіндіктер ашсын!
М.С. Баган, әдіскер