Әртүрлі мамандықтардың өкілдерін құрметтеуге арналған мерекелер қатарында Мұғалімдер күні ерекше атап өтіледі. Мұғалімдік мамандық – ең жауапты және асыл, ең күрделі және қызықты мамандық. Мұғалімнің еңбегімен жер бетіндегі ең үлкен құндылық-адам - қалыптасады.Адамзат тарихында әрқашан әлемге жанқиярлықпен қызмет етіп, бейбітшілік үшін өз күш-жігерін аямаған ұлы ұстаздар болған. Әрине, олар: Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, В.А. Сухомлинский, Я. Корчак, К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, сондай-ақ өткен кезең мен қазіргі заманның өзге де атақты педагогтері.Әрине, қазіргі әлемде ғылыми-техникалық прогресс, жалпы ақпараттандыру және автоматтандыру дәуірінде мұғалімнің рөлі, мақсаты мен маңызы туралы мәселе өте өзекті. Ол, қазіргі заман Мұғалімі, жаңа форматтағы Мұғалім қандай? Жауап қарапайым, ол менің Ұлы Ұстазым, Тәлімгерім Артюшина Любовь Ивановна сияқты болуы тиіс. Менің ұстазым - күн сайын өзінің педагогикалық альманахының жаңа беттерін жазатын бірегей және дана адам.Любовь Ивановна жігерлілігімен, іскерлігімен, өзіне және айналасындағыларға деген талапшылдығымен, өз пәнін жақсы білуімен, әдістемелік шеберлігімен және үлкен эрудициясымен ерекшеленеді. Ол- өз бойында үлкен ұстаздық тәжірибені, жан-жақты білімді және оқыту процесіне шынайы шығармашылық, рухани қатынасты тоғыстыра алған сирек мамандардың бірі. Мұндай адамдар туралы уақытпен санаспай, бар жан-тәнімен жұмысқа берілген жандар деп айтады. Оның жанында сіз қуат аласыз, сергек жүресіз. Ол әрқашан шығармашылық идеяларға толы және жаңашылдыққа дайын.К.Д. Ушинскийдің «Шәкірт - толтырылатын ыдыс емес, лаулатуды қажет ететін алау» деген сөздері педагогтің ұзақ жылдар бойғы педагогикалық қызметін анық сипаттайды. Любовь Ивановнаны жарылмаған тастардан өнер туындыларын жасайтын зергермен салыстыруға болады, өйткені ол тәжірибесіз студенттерді біртіндеп өз ісінің нағыз мамандарына айналдыра алады.Оның педагогикалық шеберлігі мен техникалық және кәсіптік білім беруді, мектепке дейінгі тәрбие жүйесін дамытуға қосқан үлесі тек қалалық қана емес, республикалық деңгейде де бағаланды. Любовь Ивановна- Қазақстан Республикасы ағарту ісінің үздігі, педагогика ғылымдары академиясының құрметті мүшесі, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қостанай облысы, Қостанай қаласы әкімінің, Қостанай облысы, Қостанай қаласы білім басқармасының көптеген грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталған.Любовь Ивановна кәсіби мереке қарсаңында тағы бір марапат – «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. Өйткені «Еңбек ардагері» медалімен зейнеткерлік жасқа толған, 40 жылдан астам жұмыс өтілі бар, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл еңбек еткен, сондай-ақ қызметінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер мен тұлғалар марапатталады.Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов Қостанай облысының 16 педагогикалық еңбек ардагерін «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Марапатталғандар арасында өзінің ерен еңбегі мен қажымас ізденісінің арқасында абырой биігінен көрінген Любовь Ивановна Артюшина да болды, педагогикалық қызмет өтілі 52 жыл және Қостанай педагогикалық колледжінде 40 жыл жұмыс өтілі бар аталмыш ұстаз мектепке дейінгі ұйымдар үшін болашақ мамандар даярлауға, сондай-ақ оқу орнының пәндік-дамытушылық ортасын дамытуға, жас педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуге баға жетпес үлес қосып келеді.Әрине, бүкіл педагогикалық колледж ұжымы, бірінші басшымыз Г.У. Уразамбетова болып, талантты педагогке оқу орнына, мамандығына адалдығы үшін, білім ордасының игілігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіреді.Любовь Ивановнаны қазіргі заманның педагогі деп атауға әбден болады. Ол - идеялар тудыратын, педагогикалық жаңашылдыққа құмар, үнемі ізденісте жүретін талантты оқытушы. Мұндай ұстаздарды мәртебесі биік, кәсіби шебер педагогтер деп атайды
Л.В.Саулина,
мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушысы