Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Дүйсенбі, 10 қазан 2022 09:51

Астанада ТМД елдері мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезі өтті

Қазан айының 4-6 аралығында Астанада «Жаңа нақты жағдайда Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру және пандемиядан кейінгі кезеңдегі білім беру үдерісінің трансформациясы» тақырыбында мұғалімдер мен басқа да білім беру қызметкерлерінің VII съезі өтті.

Съезд аясында ІІ Педагогикалық шеберлік фестивалінің қорытынды кезеңі өтіп, байқаудың финалистері, яғни ТМД елдерінің мұғалімдері біздің елге келді. Олар сайыс сабақтарын көрсетті. Мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары үш номинация бойынша өттіі: мұғалім, тәрбиеші және психолог/әлеуметтік педагог.Сонымен бірге съезде мектепке дейінгі және орта білім беру, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешен саласындағы цифрлық және баспа өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстандық кәсіпкерлер мен стартаптар оқу орындарында сабақ беру мен оқуды тиімді ұйымдастыратын ІТ-жобаларын таныстырды.Күн тәртібінде елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми, IT-жобаларды құру, педагогтер арасында да, ТМД-дағы білім беру ведомстволары арасында да тәжірибе алмасу мәселелері қаралды. Сондай-ақ үздік ұстаздар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.Съезге қатысушылар білім беру саласына, әсіресе, пандемиядан кейінгі кезеңде цифрландыруды енгізу мәселесін талқылады.Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пандемиядан кейінгі кезеңде білім беру саласында цифрландыру жүйесі күшейгенін айтып, енді технология мен әлемге дәстүрлі көзқараспен қарайтын мұғалім арасындағы теңгерімді табу маңызды екенін атап өтті.Сонымен қатар, Қостанай педагогикалық колледжде қатысты. Сьезге қатысушы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің меңгерушісі Абдиханова Кунжанат Оразқызы. Қатысушы Абдиханова Кунжанат Оразқызы айтуынша, Министр өзгеріссіз қалған бір нәрсе барын айтты. Ол педагог пен ұстаздың жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі. Ұстаз ағартушылық міндетін атқарады және қоғамда ерекше құрметке ие. Съезд Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры қолдауымен өтіп жатқанын айта кетейік.

                    Абдиханова К.О., мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің меңгерушісі

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео