Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау, педагогтің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында, Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Қостанай Дарыны» өңірлік оқу - әдістемелік орталығы 2022 жылғы 08 қазанда «Дарынды балаларға -талантты мұғалім» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық турын өткізді. Болашақ мамандар арасында кәсіби конкурс өткізу жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, жас педагогтердің қазіргі білім беру жүйесіне белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.Олимпиадаға Қостанай облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің 7 командасы қатысты. Қостанай педагогикалық колледжінің атынан мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының педагогі Д. С. Жолдыбаева және педагогика және психология кафедрасының педагогі Г.А. Мұхамедьярова дайындаған екі команда қатысты.Колледжде оқитын болашақ мамандар олимпиаданың екі турына қатысты, мұнда олар өз қызметінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін, шеберлігін, импровизацияға қабілеттілігін, әдеттен тыс ойлау мүмкіндігін талдауға тиісті болатын, бірінші тапсырма- «Арманда, әрекет ет, жас мұғалім!» таныстырылымы болса, сонан соң қатысушылар «Еліміз күтетін Мұғалім» және «Ұлы Даланың ұлағатты ұстаздары» атты ұжымдық шығармашылық қызметін паш етті.Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің командалар екі жүлделі орынға ие болды студенттеріміз:
- Бермағанбетова Данангүл, Т-21;
- Боранбай Жансая, Т-21 тобының білім алушысы;
- Жанабергенова Айгерим, У-31тобының білім алушысы;
- Жұмағали Қаракөз, Т-21 тобының білім алушысы;
- Иващенко Алёна, У-22 тобының білім алушысы;
- Қуанышбай Адила, Т-21 тобының білім алушысы;
- Матжанова Махаббат, Т-21 білім алушысы;
- Прокофьева Юлия, У-33 тобының білім алушысын - олимпиададағы жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!
Кафедра меңгерушілері А.К. Абжановаға, Д.К. Кокеноваға, педагог М.С. Казкеноваға, әдіскер М.С. Баганға олимпиадаға қатысушыларды дайындауда қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
Т.А.Чуркина
директордың оқу-әдістемелік жұмыс
жөн.орынбасары