Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сейсенбі, 18 қазан 2022 10:39

«Пирамида» ғылыми-студенттік қоғамының отырысы

   Альберт Сент-Джерди: «Зерттеу дегеніміз – бәрінің көргенін көру және ешкім ойламағандай ойлау», - деген екен.  Колледж  студенттері басқаша ойлау, ақпаратты креативті бағалау, стандартты емес шешімдер қабылдау дағдыларын

  «Пирамида» ғылыми - студенттік қоғамының отырыстарында алады.
   2022  жылғы 14 қазанда Қостанай педагогикалық колледжінде «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының отырысы өтті, оған колледждің 8 педагогі мен 30 білім алушысы қатысты.  
Отырыстың күн тәртібіне бірінші курс студенттеріне арналған пәндік олимпиаданы өткізу ережелері және мерзімдерімен таныстыру бойынша сұрақтар кірді,  «Студент-зерттеуші» мектебінің жұмысы шеңберінде тәлімгерлер сөз алып, педагог-психолог А. С. Янюк отырысқа қатысушылармен  «Өз-өзіңді таны, сонда Сен бүкіл әлемді танисың!» атты шеберлік сағатын өткізді.
   «Пирамида» ғылыми- студенттік қоғамы Қазақстан Республикасының атаулы, маңызды күндерін айналып өтпейді. 2022  жылы қазақстандықтар қазақ әдебиетінің классигі Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығын атап өтеді.  «Оқуға құштар колледж» республикалық жобасы аясында Ак-41 тобының білім алушысы Қайырбек Аружан танылудың қиын жолынан өткен жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады.
   Ғылыми- студенттік қоғамның әрбір отырысы аясында «Студент – зерттеуші» мектебінің кезекті сабағы өткізілді.  Тәжірибелі педагогтер, білім алушылар немесе шақырылған қонақтар ғылыми -зерттеу саласындағы білімдерімен бөліседі, өз тәжірибелері мен ұсынымдарын береді.  «Ғылыми-зерттеу қызметі мұғалімнің жеке және кәсіби қалыптасуының шарты ретінде.  Зерттеу тұжырымдамасы» шет тілдері кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Татьяна Леонидовна Кучерявая сөз сөйледі.
   Педагогика  және психология кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының магистрі Динара Қайратовна Кокенова  «Зерттеу әдістері мен құралдарын таңдау.   Деректерді жинау және өңдеу» тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.  Тәлімгерлердің сөз сөйлеуі барысында алынған білім студенттерге  зерттеу процесін дұрыс ұйымдастыруға және зерттеу қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетініне сенімдіміз.
   Отырыстың соңғы кезеңінде  колледждің педагог-психологі Анара Сергеевна Янюк дайындаған «Өз-өзіңді таны, сонда Сен бүкіл әлемді танисың!» шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сыныбы  барысында Анара Сергеевна өзін-өзі танудың, өзінің әлеуетін ашудың және жеке тұлғаның рефлексивті мәдениетін дамытудың маңыздылығы туралы айтты. Шеберлік сыныбы  аясында өткізілген проективті әдістеме және оның бірлескен интерпретациясы өзін-өзі тануға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
   Кездесу соңында «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының әрбір қатысушысына «Қатысушы куәлігі» табыс етілді.  Біз білім алушылар мен олардың тәлімгерлерінің белсенді зерттеу қызметіне үміттенеміз, оларға жаңа жаңалықтар мен жеңістер тілейміз!

М.С.Баган, әдіскер

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео