Оған 20 облыс аралығында колледж кітапханашылары қатысты. Атап айтсақ Қостанай облысынан 10 колледж кітапханашылары мен 2 студент барды. Семинарды Қазақстан Республикасы оқу- ағарту министрлігі, Техникалық және кәсіптік білім департаментінің өкілі Дархан Оралович Сатанов ашты. Семинардың негізгі мақсаты : «Оқуға құштар колледж» жобасы арқылы жастардың көркем әдебиетке құштарлығын арттыру, электронды- ресурстық кітапхананың студенттердің, интеллектуалдық дамуын жетілдірудегі заманауи мүмкіндіктері, «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асырудағы өңірлеріндегі колледж кітапханашыларының тәжірбе алмасуы.
«Оқуға құштар колледж» тренингінде Ақтөбе, Павлодар, Абай , Қостанай облыстарының колледж кітапханашылары өз іс-тәжірибелерімен алмасты.
«Алматы кітап», «Альманах», «Көкжиек-Горизонт» баспа үйілері «Оқуға құштар колледж» аясында коллежд кітапханаларының қорына ұсынатын әдебиеттерімен таныстырды.
Қ Р ОАМ РҒПК әдістемелік қызмет басшысы Емишова Аманкуль Бастаубаевна «Колледж және мектеп кітапханашыларының Республикалық қауымдастығын құру» туралы қаулысының шыққанын айтты.
Семинар соңында қатысушыларға сертификат тапсырылды.Кітапханалардың ауқымы кішкене болғанмен, атқаратын қызметі зор. Рухани құндылықтарымызды жаңартуда кітапханашылар кәсіби қызметін жоғары деңгейде атқарып, мәдени іс-шаралар өткізуде.
Байгазина Л.Ж.
Қостанай педагогикалық колледж кітапханашысы