Ұжым оқу процесін жетілдіру, мамандарды даярлау сапасы, озық технологияларды қолданысқа енгізу, эксперименттік оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу, мемлекеттік жастар саясатын табысты түрде іске асыру бойынша белсенді жұмыс істейді. Біздің колледжімізді құрып, дәстүрлерімізді нақтылаған және оқу ордасын дамуына еңбек сіңірген ардагерлерімізге алғысымыз шексіз.
Соңғы онжылдықтарда колледж қабырғасынан жүздеген түлектер "үлкен өмірге" аттанды. Және әрбәр түлек-мықты білім базасы бар білікті маман. Колледж түлектері кәсіби биіктерге жетуде. Олардың ішінде біз мақтан тұтатындар көп. Бүгінгі таңда Қостанай педагогикалық колледжі – жақсы материалдық-техникалық базасы, жоғары білікті оқытушылар құрамы жағынан және мамандар даярлау бойынша лайықты сапасы бар оқу орны.
Білім алушылардың назарын Қостанай педагогикалық колледжінің көпжылдық тарихының маңызды кезеңі ретінде мерейтойға аудару, патриотизмге тәрбиелеу, колледж тарихына, оның құндылықтары мен дәстүрлеріне құрмет пен қатысуға тәрбиелеу мақсатында жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында 1-4 курс топтары арасында "Менің колледжім менің телефонымда"мобилография байқауы өтті. Топтар өздерінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында #мойКПК_ЕГД, #меніңкпк_ЖГП хэштегімен фотосуреттер мен бейнематериалдарды келесі бағыттар бойынша орналастырды: фотоколлаж, кабинеттерде бейнемаршрут, колледж бойынша нұсқаулық, колледж және салауатты өмір салты, "кітап оқитын колледж", колледж ауласы. Бұл байқау студенттердің колледж тарихына деген қызығушылығын арттыруға, сондай - ақ олардың әрқайсысы біздің оқу орнымыздың тарихының бір бөлігі екенін түсінуге мүмкіндік береді.
Барлық студенттер, қызметкерлер мен тәрбиешілер және колледж басшылығы үшін мерейтойлы 2023 жыл ерекше сәтті болсын! Барлық жоспарларды іске асыруды, ойластырылған идеяларды, техникалық және шығармашылық инновацияларды жүзеге асыруды тілейміз! Колледж тарихы жалғасуда!
Кравченко Т.Н.
жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі