тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Шараның мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу және студенттердің танымдық деңгейін дамыту болып табылады. Аталған ашық тәрбие сағатында Ик - 11 тобының студенттері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, өмірінен үзінде ретінде сахналық қойылым қойып, жыр шумақтарын жатқа оқыды. Студенттермен кері байланыс жасалып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Ералина А.Е.
жаратыстану-гуманитарлық пәндер
кафедрасының оқытушысы