Мерекелік басқосуда Қостанай қаласының дамуына елеулі үлес қосқан адамдар құрметке бөленді. Іс-шараға Қостанай педагогикалық колледжінің педагогикалық қызметкерлері қатысты.
Қостанай қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен мәдениет бөлімінің меңгерушісі Евгения Викторовна Гливина марапатталды. Евгения Викторовна 2017 жылдан бері мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Ол - жоғары азаматтық ұстанымымен ерекшеленетін, әріптестерімен және білім алушылармен тіл табыса білетін , өз іс-әрекетін ұжымның қажеттіліктерімен үйлестіре алатын педагог.
Жоғары кәсіби қасиеттер, тұрақты шығармашылық ізденіске ұмтылу, ұжымның бірлескен қызметін және білім алушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыра білу әріптестің педагогикалық және кәсіби шеберлігінің дәлелі болып табылады. Оның басшылығымен қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі мәдени-бұқаралық іс-шараларға арналған вокалдық және хореографиялық нөмірлер дайындалады.
Евгения Викторовнаны құрметті наградасымен құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық және кәсіби жетістіктер, шығармашылық шабыт, межеленген жоспарларының орындалуын тілейміз!