Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Сәрсенбі, 26 қазан 2022 15:05

Жас ғалым

21 қазан күні екінші  «ЖАС ҒАЛЫМ.KST» жобасы аясында өткен облыстық «KOSTANAY PROJECT» әлеуметтік-ғылыми бастамалар фестивалі өткізілді.  Аталмыш фестивальге 350 қатысушы өз жұмыстарын ұсынды,

олардың ішінен тек 100 қатысушы ғана іріктеп алынды. Фестивальге жас ғалымдар келесі салалар бойынша бөлінді:
•    Физика;
•    Информатика;
•    Экономика;
•    Химия;
•    Биология;
•    Қоршаған орта;
•    Техника және технология.
Фестиваль қортындысы бойынша 10 қатысушы 1орын, 15 қатысушы 2 орын, 24 қатысушы 3 орын иегері болып аталынды.
«KOSTANAY PROJECT» әлеуметтік-ғылыми бастамалар фестиваліне Қостанай педагогикалық колледжінің Т-31 студенттері Акбаева Аружан және Басенова Айдана (ғылыми жетекшісі Брахметова Анар Аскарбековна) белсене қатысты. Осы жоба аясында олар биология саласында «Биологиялық жас, жеке даму факторы ретінде» атты тақырыбына жазылған өзінің зерттеу жұмысын қорғады. Айдана мен Аружан зерттеу жұмысы үшін 3 орынға иеленді.  Ғылыми жұмыс мақсаты: білім алушылардағы биологиялық және хронологиялық жас айырмашылықтарын білу және зерттеу, салауатты өмір салтының биологиялық жасқа әсерін сипаттау, биологиялық жасты хронологиялық жасқа жақындату бойынша ұсыныстар беру. Олар «Көркем өнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі, оқытушы» мамандығы бойынша оқитын 1 және 4 курс студенттері. Осы зерттеу барысында студенттердің биологиялық жасын өлшеп, бақылап, шыққан нәтижелер бойынша студенттерге биологиялық жасты хронологиялық жасқа жақындату бойынша ұсыныстар берді. Өзінің жобаларын білім алушылар әйгілі жазушы Франц Кафканың сөздерімен аяқтады: «Бақыт кәрілікті жоққа шығарады. Сұлулықты көру қабілетін сақтаған адам қартаймайды.»
Зерттеу жұмысымен тереңірек танысқыңыз келсе сілтеме арқылы өтуіңізге болады:  https://aibasenova0107.wixsite.com/biological-age

Т-31 тобының студенттері Акбаева А., Басенова А.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео