Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Бейсенбі, 27 қазан 2022 10:58

Педагогтардың отырысы-кафедра жұмысының ажырамас бір бөлігі

Кафедра-бұл жекелеген оқу пәндерін оқытуға, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға, әртүрлі тәжірибелерді ұйымдастыруға, мұғалімдердің білім деңгейін арттыруға жауап беретін колледждің оқу-ғылыми құрылымдық бөлігі.

  Неғұрлым табысты және жоспарлы жұмыс үшін ай сайын кафедра отырыстары өткізіледі. Мәселен, 26 қазанда жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының 2022 жылғы 17-21 қазан аралығында кафедраның оқу-әдістемелік апталығын өткізгенін талдауға арналған отырысы болып өтті.

Кафедра меңгерушісі Т.Н.Кравченко педагогтармен бірлесіп бекітілген бағдарламаға сәйкес іс-шаралардың өткізілуін талдады. Аптаның бағдарламасы келесі бөліктерден тұрды: «Болашақ осында және қазір басталады!» деп аталатын фотокросс;  Қостанай педагогикалық колледжінің 60 жылдық мерейтойы аясында «Менің колледжім менің телефонымда» атты  мобилография байқауы; Рихтер О.А.,Ералина А. Е.,Ахметов Ж. М. ұйымдастырған «Көше атауларындағы батырлар есімі»  атты тарихи – өлкетану панорамасы; А.А.Брахметова және Р.Т.Нурпеисовтың ұйымдастыруымен өткен ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша "Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалының фельдшері К.А.Укубасова қатысқан «Алғашқы көмек әліппесі» атты шеберлік сыныбы; Ж.Б.Демесинова өткізген Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі ұйымдардың білім алушылары үшін «Білім теңізі-мүмкіндіктер мұхиты» атты онлайн-олимпиадасы; А.А.Брахметова жүргізген оқу процесінде практикалық қолдану үшін позициялық оқыту технологиясын зерделеу мақсатында мастермайнд; Ералина А.Е. «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы ағартушысы»  және Пивоварова Р. Р. «фосфор мен азот қосылыстары» тақырыбындағы ашық сабақтары.

Әрбір педагог өзі өткізген іс-шараға талдау жасап, оқу-әдістемелік апталықты өткізудің жетістігі кафедра алдында тұрған міндеттерді шешуге әр оқытушының қатысуымен қамтамасыз етіледі деген қорытындыға келді. Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы шығармашылық, ынтымақтастық атмосферасында өтті, педагогтар жұмысының жоғары нәтижелілігі мен білім алушылардың зор әлеуеті көрсетілді.  Оқу-әдістемелік апталар бұл практикалық нәтижесі бар құнды нәрсе ретінде оқуға деген жаңа көзқарасты қалыптастыруға түрткі болады. Мұғалімдер өздерінің жеке және ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыруға қызығушылықпен және ынта-жігермен қарады, бұл білім алушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға үлкен қызығушылығын тудырды.

Отырыстың барлық жоспарланған сұрақтары қаралып, талқыланды. Нәтижелері шешімдер түрінде хаттамада көрініс тапты.

 Кравченко Т.Н.

жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедра меңгерушісі

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео