Оған Қостанай педагогикалық колледжінің 1 курс Ик- тобының студенттері қатысып, келін түсіру ырымы мен құдалық рәсімін көрсетті. Іс-шараның негізгі мақсаты тамыры бір, түрлі елдерде тұратын достардың қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары насихаттау. Онлайн – кездесуде топ студенттері Махаббат Шорабаева, Балайым Қаупыш, Гульжан Нургалиева ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүргенді атап өтті. Саратов қаласының қонақтары қыз ұзату мен келін шәй дәстүрін көрсетті, екі жақты кездесудің қорытындысында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды мектеп интернет оқушыларының ән шашуымен аяқталды. Бұл кездесу Ик-тобының студентері үшін алғашқы колледжден тыс іс-шараға қатысуы, қызығушылықпен қатысты.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ұлы қаламгер М.Әуезов айтқандай, қай ғасырда, қай қоғамда болсын ата-ана міндеті – саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше ұлт үшін салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Салтымыз бен қоғамның тарихи дамуының сабақтастығын бұзбай, құндылықтарымызды сақтау үшін балаларға дәстүріміздің озық үлгілерін насихаттап отырсақ ұлттық тәрбиеміздің іргетасын бекіткеніміз болар еді.
Жаратылыстану гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы,
топ жетекші
Ералина А.Е